HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

10 Қызмет пен қолдау көрсету
Тұтынушыларды қолдау
HP принтері үшін шектеулі кепілдік мәлімдемесі
Тұтынушыларды қолдау
Проблеманы шешу үшін көмек қажет болса, принтер әкімшісіне немесе техникалық қолдау қызметіне
хабарласыңыз.
HP принтері үшін шектеулі кепілдік мәлімдемесі
НР ӨНІМІ ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ
Принтер 90 күн
Бұл HP шектеулі кепілдігі тек HP сауда белгісі бар келесі өнімдерге қолданылады: a) HP Inc.
компаниясынан, оның филиалдарынан, серіктестерінен, ресми дилерлерінен, ресми
дистрибьюторларынан немесе елдегі дистрибьюторларынан сатып алынған немесе жалға алынған; b)
осы HP шектеулі кепілдігі бар.
HP компаниясы сізге, соңғы пайдаланушыға сатып алынған күннен бастап жоғарыда көрсетілген
мерзім ішінде HP аппараттық құралдары мен керек-жарақтарының материалдары мен дайындалу
сапасы жағынан ақаулы еместігіне кепілдік береді. Егер HP компаниясы кепілдік мерзімі ішінде
осындай ақаулықтар туралы хабар алса, HP ақаулы болып шыққан өнімдерді өз ұйғарымына сәйкес
жөндеп немесе ауыстырып береді. Ауыстырылған өнімдер жаңа немесе жаңа өнімдер сияқты жұмыс
істейтін болуы мүмкін.
HP компаниясы сізге сатып алынған күнен бастап жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде
HP бағдарламалық құралының дұрыс орнатылған немесе пайдаланылған кезде материалдары мен
дайындалу сапасындағы ақаулықтарға байланысты бағдарламалау нұсқауларын орындамай
қоймайтынына кепілдік береді. Егер HP компаниясы кепілдік мерзімі ішінде осындай ақаулықтар
туралы хабар алса, HP компаниясы осындай ақаулықтардың салдарынан бағдарламалау нұсқауларын
орындамаған бағдарламалық құралды ауыстырып береді.
HP компаниясы HP өнімдерінің үздіксіз және қатесіз жұмыс істейтініне кепілдік бермейді. Егер HP
компаниясы қажетті мерзімде кепілдіктегі шартқа байланысты өнімін жөндеп немесе ауыстырып бере
алмаса, сіз өнімді қайтарысымен оның құнын қайтарып алуға құқылысыз.
HP өнімдерінің құрамында жұмысы жағынан жаңасымен тең зауытта қалпына келтірілген
бөлшектердің болуы мүмкін немесе олар қосымша пайдаланған болуы мүмкін.
Кепілдік (а) дұрыс немесе талаптарға сәйкес жөндемеу немесе тексеру, (ә) HP компаниясының
бағдарламалық құралын, интерфейсін немесе қосалқы бөлшектерін пайдаланбау, (б) рұқсатсыз
өзгерту немесе дұрыс пайдаланбау, (в) өнімді қоршаған орта талаптарына сәйкес пайдаланбау немесе
(г) тиісті орында дайындамау немесе жөндемеу нәтижесінде туындаған ақаулықтарды қамтымайды.
HP шектеулі кепілдігі принтер үздіксіз сия жүйесі сияқты принтер функциясын өзгертетін сатудан кейін
жабдық немесе жүйеге тіркелген жағдайда жарамсыз болады.
KKWW Тұтынушыларды қолдау 187