HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide
Кескінді көшіру және сканерлеу сапасын жақсарту
Кіріспе
Егер принтерде кескін сапасына қатысты мәселе туындаса, алдымен жоғары сапалы түпнұсқаларды
пайдаланып отырғаныңызды тексеріңіз. Егер мәселе шешілмесе, мәселелерді шешуді көрсететін
шешімдерді орындап көріңіз.
●
Сканер әйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
●
Қағаз параметрлерін тексеру
●
Мәтіндер немесе суреттер үшін оңтайландыру
●
Шеттен шетке көшіру
Егер мәселе сонда да шешілмесе, «Баспа сапасын жақсарту» бөлімінен қосымша шешімдерді қараңыз.
Сканер әйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер әйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына әсер етуі мүмкін. Сканерді
тазалау үшін келесі іс рәсімін пайдаланыңыз.
1. Принтерді өшіру үшін қуат түймесін басыңыз, одан кейін қуат кабелін электр розеткасынан
ажыратыңыз.
2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3. Сканердің әйнегі мен ақ пластмасса тірегін абразивті емес тазартқыш сұйықтыққа батырылған
жұмсақ шүберекпен немесе губкамен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Принтердің кез келген бөлігін тазалау барысында абразивті заттарды, ацетонды, бензинді,
аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар принтерді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп, принтерді зақымдауы
мүмкін.
4. Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза шүберекпен
құрғатыңыз.
5. Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін принтерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
Қағаз параметрлерін тексеру
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірін ашыңыз.
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінде All Apps (Барлық қолданбалар), HP түймесін басып,
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жағындағы төмен көрсеткісін басып,
принтер атын таңдаңыз.
KKWW Кескінді көшіру және сканерлеу сапасын жақсарту 93










