HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide

Сымсыз желі ақауларын жою
Кіріспе
Сымсыз байланысты тексеру парағы
Сымсыз конфигурациялау аяқталғаннан кейін, принтер басып шығармайды
Принтер басып шығармайды және компьютерде үшінші тараптың желіаралық қалқаны орнатылған
Сымсыз маршрутизаторды немесе принтерді жылжытқаннан кейін, сымсыз байланыс жұмыс істемейді
Сымсыз принтерге қосымша компьютерлер қосу мүмкін емес
Сымсыз принтер байланысы VPN желісіне қосылған кезде жоғалады
Желі сымсыз желілер тізімінде шықпайды
Сымсыз желі жұмыс істеп тұрған жоқ
Сымсыз желі диагностика сынағын жүргізу
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Кіріспе
Мәселелерді шешуге көмектесу үшін ақауларды жою ақпаратын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерде Wi-Fi Direct басып шығару қосылған-қосылмағанын анықтау үшін принтердің
басқару панелінен конфигурация бетін басып шығарыңыз
Сымсыз байланысты тексеру парағы
Принтер және сымсыз маршрутизатор қосулы және қуаты бар екенін тексеріңіз. Сондай-ақ
принтердегі сымсыз радио қосулы екенін тексеріңіз.
Қызмет жиындары идентификаторының (SSID) дұрыстығын тексеріңіз. SSID идентификаторын
анықтау үшін, конфигурация бетін басып шығарыңыз:
а. «Дайын» шамы жыпылықтай бастағанша көшіруді бастау түймесін басып тұрыңыз.
ә. Көшіруді бастау түймесін босатыңыз.
Егер SSID дұрыс екеніне сенімсіз болсаңыз, сымсыз байланыс параметрлерін орнатуды қайта іске
қосыңыз
Қауіпсіз желілер арқылы қауіпсіздік ақпараты дұрыс екенін тексеріңіз. Егер қауіпсіздік ақпараты
дұрыс болмаса, сымсыз орнатуды қайта іске қосыңыз.
Егер сымсыз желі дұрыс жұмыс істеп тұрса, сымсыз желідегі басқа компьютерлерге кіріп көріңіз. Егер
желіде Интернетке кіру мүмкіндігі болса, Интернетке сымсыз байланыс арқылы қосылып көріңіз.
Шифрлау әдісі (AES немесе TKIP) принтерге және сымсыз кіру нүктесіне (желілерде WPA қауіпсіздігін
пайдаланады) бірдей екенін тексеріңіз.
Принтер сымсыз желінің ауқымында екенін тексеріңіз. Көптеген желілер үшін принтер сымсыз кіру
нүктесінің (сымсыз маршрутизатор) 30 м асатын ауқымында болуы тиіс.
96 8-тарау Проблемаларды шешу KKWW