HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide
Сымсыз принтерге қосымша компьютерлер қосу мүмкін емес
1. Басқа компьютерлер сымсыз ауқымда екенін және ешбір кедергі сигналды бұғаттамайтынын
тексеріңіз. Көп желілер үшін сымсыз кіру нүктесінің 30 м асатын сымсыз ауқымы болады.
2. Принтердің қосылғанын және жұмысқа дайын екендігін тексеріңіз.
3. Wi-Fi Direct пайдаланушыларының 5-тен аспайтынына көз жеткізіңіз.
4. Компьютердегі кез келген үшінші тарапты желіаралық дидарларды өшіріңіз.
5. Сымсыз желі дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
6. Компьютер дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз. Қажет болса, компьютерді қайта іске қосыңыз.
Сымсыз принтер байланысы VPN желісіне қосылған кезде жоғалады
● Негізі, VPN желісіне және басқа желілерге бір уақытта қосыла алмайсыз.
Желі сымсыз желілер тізімінде шықпайды
● Сымсыз маршрутизатор қосылғанын және қуат көзі бар екенін тексеріңіз.
● Желі жасырын болуы мүмкін. Дегенмен, жасырын желіге қосылуға болады.
Сымсыз желі жұмыс істеп тұрған жоқ
1. Желінің байланысты жоғалтпағанын тексеру үшін, желіге басқа құрылғылар қосып көріңіз.
2. Желі ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын тексеріңіз.
а. Компьютерде пәрмен жолы терезесін ашыңыз.
● Windows жүйесі үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Запустить (Іске қосу) пәрменін таңдап,
cmd деп теріңіз де, Enter пернесін басыңыз.
● OS X үшін Applications (Бағдарламалар) тармағына өтіп, Utilities (Утилиталар) тармағын
таңдаңыз да, Terminal параметрін ашыңыз.
ә. Маршрутизатордың IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
б. Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.
3. Маршрутизатордың немесе принтердің компьютеріңіз қосылған желіге қосылғанын тексеріңіз.
а. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
а. «Дайын» шамы жыпылықтай бастағанша көшіруді бастау түймесін басып тұрыңыз.
ә. Көшіруді бастау түймесін босатыңыз.
ә. Компьютеріңіз үшін конфигурациялау есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID)
принтер конфигурациясындағы қызмет орнату идентификаторымен (SSID) салыстырыңыз.
б. Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Принтердің сымсыз орнатуын
қайта конфигурациялаңыз.
98 8-тарау Проблемаларды шешу KKWW










