HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide
Сымсыз желі диагностика сынағын жүргізу
Принтердің басқару тақтасынан сымсыз желі параметрлері туралы ақпаратты беретін диагностика
сынағын іске қосуға болады.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. IP мекенжайын немесе хост атауын анықтау үшін конфигурация бетін басып шығарыңыз.
i. «Дайын» шамы жыпылықтай бастағанша көшіруді бастау түймесін басып тұрыңыз.
ii. Көшіруді бастау түймесін босатыңыз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің конфигурация бетіндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін хабарды
берсе, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым
келтірмейді.
2. Networking (Желімен жұмыс істеу) қойындысын таңдаңыз.
3. Wireless Conguration (Сымсыз конфигурациялау) бетінде «Қосулы» опциясы таңдалғанын тексеріңіз.
4. Сынақ нәтижелерін көрсететін сынақ бетін басып шығару үшін Print Test Report (Сынақ есебін басып
шығару) түймешігін басыңыз.
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Келесі кеңестер сымсыз желідегі кедергілерді азайтуы мүмкін:
● Сымсыз құрылғыларды құжаттарды сақтайтын шкафтар сияқты көлемді темір заттардан, сондай-ақ
микротолқынды және сымсыз телефондар сияқты басқа да электромагниттік құрылғылардан аулақ
ұстаңыз. Бұл заттар радио сигналдарына кедергі болуы мүмкін.
● Сымсыз құрылғыларды көлемді тастан қаланған және басқа құрылыс құрылымдарынан аулақ
ұстаңыз. Бұл заттар радио толқындарды сіңіріп, сигнал күшін азайтуы мүмкін.
● Сымсыз маршрутизаторды желідегі сымсыз принтерлермен бір сызықтың ортасына орналастырыңыз.
KKWW Сымсыз желі ақауларын жою 99










