HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide

Басқару тақтасының көрінісі
Сымсыз үлгілер
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1 Басқару панеліндегі ЖШД дисплейі Басқару панеліндегі ЖШД шамда көшіру параметрлері мен оқиға кодтарының сандық
ақпараты көрсетіледі.
2 Көшіру параметрлерін орнату
түймесі
Көшірмелер саны, Ашық/Қою және Кішірейту/Үлкейту параметрлеріне өту үшін осы
түймені пайдаланыңыз. Көшірмелер саны әдепкі параметр болып табылады.
3 Start Copy (Көшіруді бастау) түймесі Сканерлеу тапсырмасын бастау үшін осы түймені пайдаланыңыз. Болмаса, қолмен
дуплекстеу режимінде беттің екінші жағын басып шығару үшін осы түймені
пайдаланыңыз.
4
Бас тарту түймесі
Тапсырмадан бас тарту үшін осы түймені басыңыз.
5 Жабдықтар ЖШД шамы Жабдық қатесі орын алғанда «Жабдықтар» шамы жыпылықтайды және жабдық өте
төмен болғанда жыпылықтамай жанып, ауыстыруды талап етеді.
6 Қуат түймесі/«Дайын» ЖШД шамы Бұл түймені принтерді қосу немесе өшіру үшін пайдаланыңыз.
«Дайын» шамы өнім басып шығаруға әзір болғанда жанады. Принтер басып
шығарылатын деректерді қабылдап жатқанда жыпылықтайды, ал принтер аз
қуат режимінде болғанда көмескіленеді.
7 «Назар аударыңыз» ЖШД шамы «Назар аударыңыз» шамы принтерге пайдаланушының назар аударуы қажет
болғанда жыпылықтайды. Егер «Назар аударыңыз» шамы жанып тұрса, принтер қате
күйінде болады.
8
Сымсыз байланыс түймесі мен
ЖШД (тек сымсыз үлгілерде)
Сымсыз мүмкіндікті қосу немесе өшіру не болмаса WiFi Direct байланысын
конфигурациялау үшін осы түймені басыңыз.
WPS байланысын конфигурациялау үшін осы түймені басып тұрыңыз.
Егер сымсыз байланыс ЖШД шамы жанып тұрса, тұрақты сымсыз байланыс болады.
Егер ол жыпылықтап тұрса, ағымдағы уақытта сымсыз байланыс жоқ, не болмаса
WPS немесе WiFi Direct конфигурациясы орнатылып жатыр деген сөз. Егер жылдам
жыпылықтаса, сымсыз байланыс мәселесі туындағанын білдіреді.
9 ID Copy (Куәлікті көшіру) түймесі Жеке куәлікті көшіру үшін осы түймені қолданыңыз.
10 Төмен көрсеткі түймесі Дисплейде көрсетілетін мәнді төмендету үшін осы түймені пайдаланыңыз.
11 Жоғары көрсеткі түймесі Дисплейде көрсетілетін мәнді арттыру үшін осы түймені пайдаланыңыз.
4 1-тарау Принтерге шолу KKWW