HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide
Конверттерді салу және басып шығару
Кіріспе
Төмендегі ақпарат конверттерді басып шығару және салу жолын сипаттайды. 1-науаға 5 конвертке дейін
сыяды.
Конверттерді қолмен беру опциясын пайдаланып басып шығару үшін баспа драйверінде дұрыс
параметрлерді таңдау мақсатында мына қадамдарды орындаңыз, одан кейін конверттерді науаға
принтерге баспа тапсырмасын жібергеннен кейін салыңыз.
Конверттерді басып шығару
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдап, басып шығару драйверін ашу үшін Properties (Сипаттар)
немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows 10, 8.1 және 8 нұсқаларында бұл қолданбалардың дизайны мен мүмкіндіктері
төменде жұмыс үстелі қолданбалары үшін сипатталған дизайн мен мүмкіндіктерден өзгеше болады.
Бастау экранының қолданбасынан баспа мүмкіндігін ашу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
● Windows 10: Print (Басып шығару) опциясын, одан кейін принтерді таңдаңыз.
● Windows 8 немесе 8.1: Devices (Құрылғылар), Print (Басып шығару) опциясын, одан кейін
принтерді таңдаңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Media (Баспа материалдары) ашылмалы тізімінен Envelope (Конверт) тармағын таңдаңыз.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
6. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін түртіңіз.
KKWW Конверттерді салу және басып шығару 13










