HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide

Жапсырмаларды салу және басып шығару
Кіріспе
Төмендегі ақпарат белгілерді басып шығару және салу жолын сипаттайды. 1-науаға жапсырманың 50
парағы сыяды.
Қолмен беру опциясымен жапсырмаларды басып шығару үшін мына қадамдарды орындап, баспа
драйверінен дұрыс параметрлерді таңдаңыз, одан соң басып шығару тапсырмасын принтерге жібергеннен
кейін жапсырмаларды науаға салыңыз. Қолмен беруді пайдаланғанда, принтер науаның ашылғанын
анықтағанша тапсырманың басып шығарылуын күтіңіз
.
Жапсырмаларды қолмен беру
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: түйме атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows 10, 8.1 және 8 нұсқаларында бұл қолданбалардың дизайны мен мүмкіндіктері
төменде жұмыс үстелі қолданбалары үшін сипатталған дизайн мен мүмкіндіктерден өзгеше болады.
Бастау экранының қолданбасынан баспа мүмкіндігін ашу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Windows 10: Print (Басып шығару) опциясын, одан кейін принтерді таңдаңыз.
Windows 8 немесе 8.1: Devices (Құрылғылар), Printасып шығару) опциясын, одан кейін
принтерді таңдаңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Media (Баспа материалдары) ашылмалы тізімінен Labels (Жапсырмалар) тармағын таңдаңыз.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
6. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін түртіңіз.
KKWW Жапсырмаларды салу және басып шығару 15