HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide
Басып шығару тапсырмалары (Windows)
Басып шығару әдісі (Windows)
Келесі процедурада Windows үшін негізгі басып шығару процесі сипатталады.
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерді принтерлер тізімінен таңдаңыз. Параметрлерді өзгерту мақсатында принтер драйверін ашу
үшін Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows 10, 8.1 және 8 жүйелерінде бұл қолданбалардың дизайны мен функциялары
төменде үстелдік қолданбалар үшін сипатталған дизайн мен функциялардан өзгеше болады. Бастау
экранының қолданбасынан басып шығару мүмкіндігіне қол жеткізу үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
● Windows 10: Print (Басып шығару) параметрін, одан кейін принтерді таңдаңыз.
● Windows 8.1 немесе 8: Devices (Құрылғылар), Print (Басып шығару) параметрін, одан кейін
принтерді таңдаңыз.
3. Қол жетімді опцияларды реттеу үшін басып шығару драйверіндегі қойындыларды басыңыз немесе
түртіңіз.
4. Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіне қайту үшін OK түймешігін басыңыз немесе түртіңіз. Осы
экранда басып шығаратын көшірмелер санын таңдаңыз.
5. Тапсырманы басып шығару үшін OK түймешігін басыңыз.
24 4-тарау Басып шығару KKWW










