HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide

Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (Windows)
Бұл процедураны автоматты дуплексер орнатылмаған принтерлерде немесе дуплексер қолдамайтын
қағазға басып шығару үшін пайдаланыңыз.
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows 10, 8.1 және 8 жүйелерінде бұл қолданбалардың дизайны мен функциялары
төменде үстелдік қолданбалар үшін сипатталған дизайн мен функциялардан өзгеше болады. Бастау
экранының қолданбасынан басып шығару мүмкіндігіне қол жеткізу үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
Windows 10: Print (Басып шығару) параметрін, одан кейін принтерді таңдаңыз.
Windows 8.1 немесе 8: Devices (Құрылғылар), Printасып шығару) параметрін, одан кейін
принтерді таңдаңыз.
3. Layout (Орналасу) жиекбелгісін басыңыз.
4. Тиісті дуплекстеу параметрін Print on Both Sides Manually (Екі жағында да қолмен басып шығару)
ашылмалы тізімінен таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
5. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймесін түртіңіз.
Принтер алдымен құжаттағы барлық беттердің бірінші жағын басып шығарады.
6. Басылып шыққан буманы шығыс себетінен шығарып, басылған жағын төмен қаратып, алдымен
жоғарғы жиегін кіріс науасына салыңыз.
123
7. Компьютерден тапсырманың екінші жағын басып шығару үшін OK түймесін басыңыз.
8. Ұсынылса, басқару тақтасындағы тиісті түймешікті басып жалғастырыңыз.
KKWW Басып шығару тапсырмалары (Windows) 25