HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide
Бір параққа бірнеше бетті басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows 10, 8.1 және 8 жүйелерінде бұл қолданбалардың дизайны мен функциялары
төменде үстелдік қолданбалар үшін сипатталған дизайн мен функциялардан өзгеше болады. Бастау
экранының қолданбасынан басып шығару мүмкіндігіне қол жеткізу үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
● Windows 10: Print (Басып шығару) параметрін, одан кейін принтерді таңдаңыз.
● Windows 8.1 немесе 8: Devices (Құрылғылар), Print (Басып шығару) параметрін, одан кейін
принтерді таңдаңыз.
3. Layout (Орналасу) жиекбелгісін басыңыз немесе түртіңіз.
4. Ашылмалы тізімнен Orientation (Бағдар) параметрін таңдаңыз.
5. Әр парақтағы беттердің дұрыс санын Pages per sheet (Әр парақтағы беттер) ашылмалы тізімінен
таңдаңыз да, Advanced (Кеңейтілген) түймесін басыңыз.
6. Ашылмалы тізімнен Pages per Sheet Layout (Әр парақтағы беттердің орналасуы) параметрін
таңдаңыз.
7. Ашылмалы тізімнен дұрыс Page Borders (Бет жиектері) параметрін таңдаңыз, OK түймесін басып
немесе түртіп Advanced Options (Кеңейтілген параметрлер) тілқатысу терезесін жабыңыз, содан кейін
OK түймесін басып немесе түртіп, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) тілқатысу
терезесін жабыңыз.
8. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін басыңыз.
Қағаз түрін таңдау (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ:
● Windows 10: Print (Басып шығару) опциясын, одан кейін принтерді таңдаңыз.
● Windows 8 немесе 8.1: Devices (Құрылғылар), Print (Басып шығару) опциясын, одан кейін
принтерді таңдаңыз.
3. Printing Shortcuts (Басып шығару төте жолдары) жиекбелгісін басыңыз немесе түртіңіз.
4. Paper Type (Қағаз түрі) ашылмалы тізімінен дұрыс қағаз түрін таңдаңыз да, OK түймесін басып немесе
түртіп Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) тілқатысу терезесін жабыңыз.
5. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймесін түртіңіз.
26 4-тарау Басып шығару KKWW










