HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide
Мобильді басып шығару
Кіріспе
HP компаниясы ноутбуктан, планшеттен, смартфоннан немесе басқа мобильді құрылғыдан HP принтері
арқылы оңай басып шығаруға мүмкіндік беретін көптеген мобильді шешімдер ұсынады. Толық тізімді көру
және ең жақсы таңдауды анықтау үшін www.hp.com/go/LaserJetMobilePrinting веб-сайтына өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық мобильді басып шығару мүмкіндіктеріне қолдау көрсетілуі үшін принтер
микробағдарламасын жаңартыңыз.
Wi-Fi Direct (тек сымсыз үлгілерде)
Wi-Fi Direct желіге немесе Интернетке қосылуды қажет етпей-ақ сымсыз мобильді құрылғыдан басып
шығаруға мүмкіндік береді.
Wi-Fi Direct мүмкіндігі мобильді операциялық жүйелердің барлығына қолдау көрсете бермейді. Егер
мобильді құрылғы Wi-Fi Direct мүмкіндігін қолдамаса, басып шығарудың алдында құрылғының сымсыз
желі қосылымын принтердің Wi-Fi Direct қосылымына өзгерту қажет.
ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct мүмкіндігі емес мобильді құрылғылар үшін Wi-Fi Direct қосылымы басып шығаруға
ғана мүмкіндік береді. Басып шығару үшін Wi-Fi Direct мүмкіндігін пайдаланғаннан кейін, Интернетке кіру
мақсатында жергілікті желіге қосылу қажет.
Принтердің Wi-Fi Direct қосылымына кіру үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. IP мекенжайын немесе хост атауын анықтау үшін конфигурация бетін басып шығарыңыз.
а. «Дайын» шамы жыпылықтай бастағанша көшіруді бастау түймесін басып тұрыңыз.
ә. Көшіруді бастау түймесін босатыңыз.
2. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің
конфигурация бетіндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS
экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін хабарды
береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым
келтірмейді.
3. Networking (Желімен жұмыс істеу) қойындысындағы сол жақ шарлау тақтасында Wi-Fi Direct Setup
(Wi-Fi Direct орнату) сілтемесін басыңыз.
4. Келесі қосылым әдістерінің бірін таңдаңыз:
● Manual (Қолмен орнату)
● Automatic (Автоматты)
5. Мобильді құрылғыда Wi-Fi немесе Wi-Fi Direct мәзірін ашыңыз.
6. Қолжетімді желілер тізімінен принтер атауын таңдаңыз.
KKWW Мобильді басып шығару 29










