HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: Егер принтер атауы көрсетілмесе, Wi-Fi Direct сигналының ауқымынан тыс болуыңыз
мүмкін. Құрылғыны принтерге жақындатыңыз.
7. Сұралса, Wi-Fi Direct құпия сөзін енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct мүмкіндігін қолдайтын Android құрылғылары үшін қосылым әдісі Automatic
(Автоматты) параметріне орнатылса, қосылым құпия сөзді сұрамай автоматты түрде пайда болады.
Егер қосылым әдісі Manual (Қолмен) параметріне орнатылған болса, Android құрылғысына қосылу
үшін принтердегі Wireless (Сымсыз) түймесін басуыңыз немесе Windows (8.1 немесе одан кейінгі)
құрылғысына қосылу үшін құпия сөз ретінде басып шығарылған есепте көрінетін жеке
идентификациялық нөмірді (PIN) беруіңіз қажет болады.
ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct құпия сөзіне кіру үшін EWS қойындысынан Networking (Желімен жұмыс істеу)
қойындысын ашып, Wi-Fi Direct Setup түймешігін басыңыз.
8. Құжатты ашып, Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
9. Қолжетімді принтерлер тізімінен принтердің таңдап, Print (Басып шығару) параметрін таңдаңыз.
10. Басып шығару тапсырмасы аяқталғаннан кейін кейбір мобильді құрылғыларды жергілікті желіге қосу
қажет болуы мүмкін.
Келесі құрылғылар мен компьютердің операциялық жүйелері Wi-Fi Direct мүмкіндігін қолдайды:
● Орнатылған HP басып шығару қызметі мен Mopria мобильді басып шығару қосылатын модулі бар
Android 4.0 және одан кейінгі планшеттер мен телефондар
● Орнатылған HP басып шығару драйвері бар көпшілік Windows 8.1 компьютерлері, планшеттері мен
ноутбуктері
Келесі құрылғылар мен компьютердің операциялық жүйелері Wi-Fi Direct мүмкіндігін қолдамайды, бірақ
қолдау көрсететін принтерге басып шығара алады:
● Apple iPhone және iPad
● OS X жүйесінде іске қосылған Mac компьютерлері
Wi-Fi Direct басып шығару мүмкіндігі туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.hp.com/go/wirelessprinting
веб-сайтына өтіңіз.
Wi-Fi Direct мүмкіндіктерін HP ендірілген веб-серверінен (EWS) қосуға немесе өшіруге болады.
Wi-Fi Direct мүмкіндігін қосу немесе ажырату
Wi-Fi Direct мүмкіндіктері алдымен EWS қойындысынан қосылуы керек.
Бірінші қадам: НР ендірілген веб-серверін ашу
1. IP мекенжайын немесе хост атауын анықтау үшін конфигурация бетін басып шығарыңыз.
а. «Дайын» шамы жыпылықтай бастағанша көшіруді бастау түймесін басып тұрыңыз.
ә. Көшіруді бастау түймесін босатыңыз.
30 4-тарау Басып шығару KKWW










