HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide

Көшірме жасау
Сканер әйнегінен көшірме жасау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Құжатты сканер шынысына принтердегі көрсеткіштерге сәйкес қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты әртүрлі болады.
2
1
1 Негізгі үлгінің жарық шығарғыш диодты басқару панелі
2 Сымсыз үлгінің жарық шығарғыш диодты басқару панелі
Негізгі үлгінің басқару панелі
Көшіруді бастау үшін көшіруді бастау түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Көшірмелер санын арттыру үшін Көшірмені бастау түймесін қайталап (тоғыз ретке
дейін) басыңыз.
Сымсыз үлгінің басқару панелі
1. Төмендегі көшіру параметрлерінің бірін таңдау үшін көшіруді орнату түймесін басыңыз.
«Number of Copies» (Көшірмелер саны) параметрін таңдап, көшірмелер санын реттеу үшін
көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз.
«Lighter/Darker» (Ашықтау/күңгірттеу) параметрін таңдап, ағымдағы көшіру
тапсырмасының күңгірт параметрін реттеу үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз.
«Enlarge/Reduce» (Үлкейту/кішірейту) параметрін таңдап, көшіру тапсырмасының өлшем
пайызын реттеу үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз.
2. Көшіруді бастау үшін көшіруді бастау түймесін басыңыз.
34 5-тарау Көшіру KKWW