HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide
Куәлікті көшіру
Куәліктердің немесе басқа шағын өлшемді құжаттардың екі жағын қағаздың бір бетіне көшіру үшін, ID
Copy (Куәлікті көшіру) мүмкіндігін пайдаланыңыз. Принтер екі бейнені де бір уақытта басып шығарады.
1. Куәлікті сканер әйнегінің сол жағына қойыңыз.
2. Сканер қақпағын жауып, көшіруді бастау үшін ID Copy (Куәлікті көшіру) түймесін басыңыз.
Аяқталғаннан кейін «Назар аударыңыз» ЖШД шамы жыпылықтайды.
3. Куәліктің екінші жағын сканер әйнегінің дәл сол бөлігіне қойыңыз.
4. Көшіруді бастау үшін ID Copy (Куәлікті көшіру) түймесін қайтадан түртіңіз.
5. Бет басып шығарылады.
KKWW Куәлікті көшіру 35










