HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide

HP Scan бағдарламалық құралының көмегімен сканерлеу
(Windows)
HP Scan бағдарламасын пайдаланып компьтердегі бағдарламадан сканерлеуді бастаңыз. Сканерленген
суретті файл ретінде сақтауға немесе басқа бағдарламаға жіберуге болады.
1. Құжатты сканер әйнегіне принтердегі көрсеткіштерге сәйкес қойыңыз.
2. Компьютерден HP принтер көмекшісін ашыңыз.
Windows 10: Startастау) мәзірінде All Apps (Барлық қолданбалар), HP түймесін басып, принтер
атауын таңдаңыз.
Windows 8.1: Startастау) экранының төменгі сол жағындағы төмен көрсеткісін басып, принтер
атын таңдаңыз.
Windows 8: Startастау) экранының бос аймағын тінтуірдің оң жағымен басып, қолданба
жолағында All Appsарлық қолданбалар) тармағын, одан кейін принтер атын таңдаңыз.
Windows 7: компьютердің жұмыс үстелінде Start (Бастау) түймесін басып, All Programsарлық
бағдарламалар) опциясын таңдап, HP түймесін басып, принтер қалтасын, одан кейін принтер
атауын таңдаңыз.
3. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірінде Scan (Сканерлеу) опциясын таңдап, Scan a
Document or Photo (Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу) опциясын таңдаңыз.
4. Параметрлерді қажетінше реттеңіз.
5. Scan (Сканерлеу) түймесін басыңыз.
38 6-тарау Сканерлеу KKWW