HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide

IP желі параметрлерін реттеу
Кіріспе
Принтерді бірлесіп пайдалануға байланысты жауапкершіліктен бас тарту
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
IPv4 TCP/IP параметрлерін қолмен конфигурациялау
Кіріспе
Принтердің желі параметрлерін реттеу үшін келесі бөлімдерді пайдаланыңыз.
Принтерді бірлесіп пайдалануға байланысты жауапкершіліктен бас тарту
HP бір рангтік желіні қолдамайды, себебі бұл мүмкіндік Microsoft операциялық жүйелерінің және HP
принтер драйверлерінің функциясы емес. Microsoft компаниясының www.microsoft.com сайтына өтіңіз.
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
IP мекенжайын конфигурациялау параметрлерін көру немесе өзгерту үшін HP ендірілген веб-серверін
пайдаланыңыз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. IP мекенжайын немесе хост атауын анықтау үшін конфигурация бетін басып шығарыңыз.
i. «Дайын» шамы жыпылықтай бастағанша көшіруді бастау түймесін басып тұрыңыз.
ii. Көшіруді бастау түймесін босатыңыз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің конфигурация бетіндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру
компьютерге зақым келтірмейді.
2. Желі жөніндегі ақпаратты алу үшін Networkingеліге қосылу) жиекбелгісін басыңыз. Параметрлерді
қалауыңызша өзгертіңіз.
IPv4 TCP/IP параметрлерін қолмен конфигурациялау
IPv4 мекенжайын, желі бөлігінің маскасын және әдепкі шлюзді қолмен орнату үшін EWS мүмкіндігін
пайдаланыңыз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. IP мекенжайын немесе хост атауын анықтау үшін конфигурация бетін басып шығарыңыз.
48 7-тарау Принтерді басқару KKWW