HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide
Принтердің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Кіріспе
Принтерде конфигурация параметрлеріне кіруге құқылы пайдаланушыларды шектейтін, деректерді
қорғайтын және маңызды аппараттық құралдар компоненттеріне қол жеткізудің алдын алатын бірнеше
қауіпсіздік мүмкіндігі бар.
●
HP ендірілген веб-серверін пайдаланып жүйенің құпия сөзін тағайындау немесе өзгерту
HP ендірілген веб-серверін пайдаланып жүйенің құпия сөзін тағайындау немесе
өзгерту
Рұқсаты жоқ пайдаланушылар принтер параметрлерін өзгерте алмауы үшін, принтерге және HP ендірілген
веб-серверіне өтуге арналған әкімші құпия сөзін тағайындаңыз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
Тікелей қосылған принтерлер
а. HP принтер көмекшісін ашыңыз.
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінде All Apps (Барлық қолданбалар), HP түймесін басып,
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жақ бұрышындағы төмен көрсеткіні
басып, принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8: Start (Бастау) экранының бос аймағына тінтуірдің оң жағын басып,
қолданбалар тақтасында All Apps (Барлық қолданбалар) түймешігін басыңыз, содан соң
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 7: компьютердің жұмыс үстеліндегі Start (Бастау) түймесін басып, All Programs
(Барлық бағдарламалар) опциясын таңдаңыз да, HP түймесін басып, принтер қалтасын,
одан кейін принтер атауын таңдаңыз.
ә. HP принтерінің көмекшісі мүмкіндігінде Print (Басып шығару) параметрін таңдаңыз, содан соң
HP Device Toolbox (HP құрылғысының құралдар тақтасы) параметрін таңдаңыз.
Желіге қосылған принтерлер
а. IP мекенжайын немесе хост атауын анықтау үшін конфигурация бетін басып шығарыңыз.
i. «Дайын» шамы жыпылықтай бастағанша көшіруді бастау түймесін басып тұрыңыз.
ii. Көшіруді бастау түймесін босатыңыз.
50 7-тарау Принтерді басқару KKWW










