HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide

ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің конфигурация бетіндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру
компьютерге зақым келтірмейді.
2. System (Жүйе) қойындысын басыңыз және Energy Settings (Энергия параметрлері) бетін таңдаңыз.
3. Delay when ports are active (Порттар белсенді болғанда кідіру) опциясын таңдаңыз немесе өшіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл опция таңдалғанда, барлық порттар өшпейінше принтер өшпейді. Қосулы желі
байланысы принтердің өшуіне жол бермейді.
KKWW Қуат үнемдеу параметрлері 55