HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide

Микробағдарламаны жаңарту
HP компаниясы мерзімді түрде принтерге жаңартулар ұсынады. Бір принтер үшін төмендегі қадамдарды
орындап, принтердің микробағдарламасын жаңартыңыз.
Микробағдарламаны Firmware Update Utility бағдарламасын пайдаланып жаңарту
HP.com веб-сайтынан микробағдарламаны жаңарту утилитасын қолмен жүктеу және орнату үшін осы
қадамдарды пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл әдіс — тек компьютерге USB кабелі арқылы жалғанған принтерлер үшін
микробағдарламаны жаңарту параметрі. Сондай-ақ, ол желіге қосылған принтерлерде жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ: Осы әдісті пайдалану үшін баспа драйвері орнатылуы қажет.
1. www.hp.com/go/support веб-сайтына өтіп, елді/аймақты немесе тілді таңдаңыз да, Software and
drivers (Бағдарламалық құрал және драйверлер) сілтемесін басыңыз.
2. Іздеу өрісіне принтердің атауын теріп, ENTER түймешігін басыңыз, содан соң іздеу нәтижелері тізімінен
принтердің таңдаңыз.
3. Операциялық жүйені таңдаңыз.
4. Firmware (Микробағдарлама) бөлімінде Firmware Update Utility (Микробағдарламаны жаңарту
утилитасы) тармағын табыңыз.
5. Downloadүктеу) түймешігін, Run (Орындау) түймешігін, одан кейін Run (Орындау) түймешігін
қайтадан басыңыз.
6. Утилита іске қосылғанда ашылмалы тізімнен принтерді таңдаңыз да, Send Firmware
(Микробағдарламаны жіберу) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: жаңарту процесінің алдында немесе одан кейін орнатылған микробағдарлама нұсқасын
тексеру мақсатында конфигурация бетін басып шығару үшін Print Cong (Конфигурацияны басып
шығару) параметрін басыңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз, одан кейін утилитаны жабу үшін Exit (Шығу)
түймешігін басыңыз.
56 7-тарау Принтерді басқару KKWW