HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide

Зауытта орнатылған әдепкі параметрлерді бастапқы қалпына
келтіру
Зауытта орнатылған стандартты параметрлерді қалпына келтіру принтер және желі параметрлерінің
барлығының зауытта орнатылған стандартты параметрлерін қайтарады. Ол бет санағын бастапқы
қалпына келтірмейді. Принтердің зауыттық параметрлерін қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Зауытта орнатылған стандартты параметрлерді қалпына келтіру параметрлердің барлығын
зауыттағы стандартты параметрлерге қайтарады, сондай-ақ, ол жадта бар барлық беттерді жояды.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
Тікелей қосылған принтерлер
а. HP принтер көмекшісін ашыңыз.
Windows 10: Startастау) мәзірінде All Apps (Барлық қолданбалар), HP түймесін басып,
принтер атауын таңдаңыз.
Windows 8.1: Startастау) экранының төменгі сол жақ бұрышындағы төмен көрсеткіні
басып, принтер атауын таңдаңыз.
Windows 8: Startастау) экранының бос аймағына тінтуірдің оң жағын басып,
қолданбалар тақтасында All Apps (Барлық қолданбалар) түймешігін басыңыз, содан соң
принтер атауын таңдаңыз.
Windows 7: компьютердің жұмыс үстеліндегі Start (Бастау) түймесін басып, All Programs
(Барлық бағдарламалар) опциясын таңдаңыз да, HP түймесін басып, принтер қалтасын,
одан кейін принтер атауын таңдаңыз.
ә. HP принтерінің көмекшісі мүмкіндігінде Print (Басып шығару) параметрін таңдаңыз, содан соң
HP Device Toolbox (HP құрылғысының құралдар тақтасы) параметрін таңдаңыз.
Желіге қосылған принтерлер
а. IP мекенжайын немесе хост атауын анықтау үшін конфигурация бетін басып шығарыңыз.
i. «Дайын» шамы жыпылықтай бастағанша көшіруді бастау түймесін басып тұрыңыз.
ii. Көшіруді бастау түймесін босатыңыз.
64 8-тарау Проблемаларды шешу KKWW