HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide
«Cartridge is low» (Картридж деңгейі төмен) немесе «Cartridge is
very low» (Картридж деңгейі өте төмен) хабарламасы көрсетіледі
Cartridge is low (Картридж деңгейі төмен): Принтер картридждің деңгейі төмен екенін көрсетеді.
Картридждің қалған нақты қызмет ету мерзімі басқаша болуы мүмкін. Баспа сапасы нашарлағанда, орнына
салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз. Картриджді әзірше ауыстыру қажет емес.
Тонерді қайта үлестіру рұқсат етілетін баспа сапасына сәйкес келмейінше, басып шығаруды ағымдағы
картриджбен жалғастыруыңыз. Тонерді қайта үлестіру үшін, тонер картриджін принтерден шығарып алып,
картриджді көлденең білігінен әрі-бері жайлап қозғаңыз. Графикалық кескінді картриджді алмастыру
нұсқауларынан қараңыз
. Тонер картриджін принтерге қайта салып, қақпақты жабыңыз.
Cartridge is very low (Картридж деңгейі өте төмен): Принтер картридждің деңгейі өте төмен екенін
көрсетеді. Картридждің қалған нақты қызмет ету мерзімі басқаша болуы мүмкін. Баспа сапасы
нашарлағанда, орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз. Баспа сапасы нашар болмаса,
картриджді қазір ауыстырудың қажеті жоқ.
HP тонер картриджі Very Low (Өте төмен) деңгейіне жеткенде, HP компаниясының тонер картриджіне
арналған премиум қорғау кепілдігінің мерзімі аяқталады.
«Very Low» (Өте төмен) параметрлерін өзгерту
Жабдықтар Very Low (Өте төмен) деңгейге жеткенде, принтер орындайтын әрекеттерді өзгертуге болады.
Осы параметрлерді жаңа тонер картриджін орнатқанда қайта орнатудың қажеті жоқ.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
Тікелей қосылған принтерлер
а. HP принтер көмекшісін ашыңыз.
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінде All Apps (Барлық қолданбалар), HP түймесін басып,
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жақ бұрышындағы төмен көрсеткіні
басып, принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8: Start (Бастау) экранының бос аймағына тінтуірдің оң жағын басып,
қолданбалар тақтасында All Apps (Барлық қолданбалар) түймешігін басыңыз, содан соң
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 7: компьютердің жұмыс үстеліндегі Start (Бастау) түймесін басып, All Programs
(Барлық бағдарламалар) опциясын таңдаңыз да, HP түймесін басып, принтер қалтасын,
одан кейін принтер атауын таңдаңыз.
ә. HP принтерінің көмекшісі мүмкіндігінде Print (Басып шығару) параметрін таңдаңыз, содан соң
HP Device Toolbox (HP құрылғысының құралдар тақтасы) параметрін таңдаңыз.
Желіге қосылған принтерлер
а. IP мекенжайын немесе хост атауын анықтау үшін конфигурация бетін басып шығарыңыз.
i. «Дайын» шамы жыпылықтай бастағанша көшіруді бастау түймесін басып тұрыңыз.
ii. Көшіруді бастау түймесін босатыңыз.
66 8-тарау Проблемаларды шешу KKWW










