HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide
Қағаз кептелістері жиі немесе қайта-қайта орын ала бере ме?
Жиі қағаз кептелістері мәселелерін шешу үшін мына қадамдарды орындаңыз. Егер бірінші қадам мәселені
шешпесе, мәселе шешілгенше келесі қадамды жалғастырыңыз.
1. Егер принтерде қағаз кептелсе, кептелісті кетіріп, принтерді тексеру үшін конфигурация бетін басып
шығарыңыз.
2. Науа дұрыс қағаз өлшемі мен түріне конфигурацияланғанын тексеріңіз. Қажет болса, қағаз
параметрлерін реттеңіз.
а. IP мекенжайын немесе хост атауын анықтау үшін конфигурация бетін басып шығарыңыз.
i. «Дайын» шамы жыпылықтай бастағанша көшіруді бастау түймесін басып тұрыңыз.
ii. Көшіруді бастау түймесін босатыңыз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің конфигурация бетіндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру
компьютерге зақым келтірмейді.
б. System (Жүйе) қойындысын басыңыз да, Paper Setup (Қағазды реттеу) бетін басыңыз.
в. Науадағы қағаз түрін таңдаңыз.
г. Науадағы қағаз өлшемін таңдаңыз.
3. Принтерді өшіріп, 30 секунд күтіңіз де, қайта қосыңыз.
4. Принтер ішінен артық тонерді кетіру үшін тазалау бетін басып шығарыңыз.
а. HP принтер көмекшісін ашыңыз.
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінде All Apps (Барлық қолданбалар), HP түймесін басып,
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жақ бұрышындағы төмен көрсеткіні
басып, принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8: Start (Бастау) экранының бос аймағына тінтуірдің оң жағын басып,
қолданбалар тақтасында All Apps (Барлық қолданбалар) түймешігін басыңыз, содан соң
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 7: компьютердің жұмыс үстеліндегі Start (Бастау) түймесін басып, All Programs
(Барлық бағдарламалар) опциясын таңдаңыз да, HP түймесін басып, принтер қалтасын,
одан кейін принтер атауын таңдаңыз.
ә. HP принтерінің көмекшісі мүмкіндігінде Print (Басып шығару) параметрін таңдаңыз, содан соң
HP Device Toolbox (HP құрылғысының құралдар тақтасы) параметрін таңдаңыз.
70 8-тарау Проблемаларды шешу KKWW










