HP LaserJet Pro MFP M28-M31 - User's Guide
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінен All Apps (Барлық қолданбалар) тармағын таңдап,
HP опциясын басыңыз да, принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жақ бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8: Start (Бастау) экранының бос аймағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басып,
қолданбалар тақтасындағы All Apps (Барлық қолданбалар) түймесін басыңыз, одан кейін
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 7: компьютердің жұмыс үстеліндегі Start (Бастау) түймесін басып, All Programs (Барлық
бағдарламалар
) опциясын таңдаңыз да, HP түймесін басып, принтер қалтасын, одан кейін
принтер атауын таңдаңыз.
2. HP принтер көмекшісінде Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз, одан кейін HP Device Toolbox
(HP құрылғысының құралдар тақтасы) опциясын таңдаңыз.
3. System (Жүйе) қойындысынан Service (Қызмет) опциясын таңдаңыз.
4. Тазалау процесін бастау үшін Картриджді тазалау режимі аймағында Бастау түймесін басыңыз.
Тазалағыш бетті басып шығару
Басып шығару процесінің барысында қағаз, тонер және шаң бөлшектері принтер ішінде жиналуы мүмкін
және тонер дақтары немесе шашырауы, жағылу, жолақтар, сызықтар немесе қайталанатын таңбалар
сияқты баспа сапасының мәселелерін тудыруы мүмкін.
Тазалағыш бетті басып шығару үшін төмендегі іс рәсімін пайдаланыңыз.
1. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірін ашыңыз.
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінде All Apps (Барлық қолданбалар), HP түймесін басып, принтер
атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жағындағы төмен көрсеткісін басып, принтер
атын таңдаңыз.
● Windows 8: Start (Бастау) экранының бос аймағын тінтуірдің оң жағымен басып, қолданба
жолағында All Apps (Барлық қолданбалар) тармағын, одан кейін принтер атын таңдаңыз.
● Windows 7: компьютердің жұмыс үстеліндегі Start (Бастау) түймесін басып, All Programs (Барлық
бағдарламалар) опциясын таңдаңыз да, HP түймесін басып, принтер қалтасын, одан кейін
принтер атауын таңдаңыз.
2. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірінен Print (Басып шығару) опциясын, одан кейін
HP Device Toolbox (HP құрылғысының құралдар тақтасы) опциясын таңдаңыз.
3. System (Жүйе) қойындысында Service (Қызмет) параметрін таңдаңыз.
4. Тазалау процесін бастау үшін Термоблокты тазалау режимі аймағында Бастау түймесін таңдаңыз.
Тонер картриджін көзбен тексеру
Тонер картриджін тексеру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Принтерден картридждерді шығарып, бітеуші таспаның алынғанын тексеріңіз.
2. Жад микросхемасының бұзылмағанын тексеріңіз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 81










