Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы HP ProDesk 600 G2 MT бизнес компьютері
© Copyright 2015 HP Development Company, L.P. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялар тобының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері. Осы жердегі мәліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік – осындай өнімдермен және қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы құжаттағы басқа еш нәрсе кепілдік деп қаралмайды. HP компаниясы осы жерде кездескен техникалық немесе өңдеу қателері не жетіспеушіліктері үшін жауапты болмайды.
Осы кітап туралы Бұл нұсқаулық HP ProDesk Business ДК жаңарту үшін қажет негізгі ақпаратпен қамтамасыз етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мәтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мәтін нұсқауларды орындамаудың құрылғы зақымдануына немесе ақпараттың жоғалуына себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТПЕ: Осылай жіберілген мәтін маңызды қосымша ақпарат береді.
iv Осы кітап туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ...................................................................................................................................... 1 Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері .................................................................................................. 1 Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері .............................................................................................................. 1 Артқы тақта құрамдас бөлшектері .........................
қосымшасы ә Электр статикалық разряд ..................................................................................................... 35 Электр статикалық разрядты болдырмау ...................................................................................................... 35 Жерге қосу әдістері ............................................................................................................................................
1 Өнім мүмкіндіктері Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері Мүмкіндіктер үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Компьютеріңіздің үлгісінде орнатылған құрал және бағдарламалық құрал туралы көбірек білу үшін және қолдау көмекшісін ашу үшін HP Support Assistant қызметтік бағдарламасын іске қосыңыз. Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері Драйв конфигурациясы үлгіге қарай әр түрлі болады. Кейбір үлгілерде бір немесе бірнеше драйв саңылауын жабатын қақпақша болады.
1 Жұқа оптикалық диск (қосымша) 6 SD картасын оқу құралы (қосымша) 2 Қос күйлі қосу түймесі 7 Оптикалық драйвтың жұмыс шамы 3 USB 2.0 зарядтау (қуат берілетін) порты (қара) 8 USB 2.0 ұясы (қара) 4 USB 3.0 порттары (көк) 9 Микрофон/Құлаққап қосқышы 5 Құлаққап қосқышы ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы Microphone/Headphone қосқышына тығылған кезде, сұхбат терезесі қосқышты Line-In микрофон құрылғысына немесе құлаққап екеуінің қайсысына қолданатыныңызды сұрау үшін пайда болады.
6 Қуат сымының қосқышы ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясынан қосымша сериялық порт және қосымша параллель портқа тапсырыс беруге болады. USB пернетақтасын пайдалансаңыз, HP компаниясы пернетақтаны S4/S5 мүмкіндігінен ізі бар USB 2.0 порттарының біріне жалғауды ұсынады. Сонымен қатар BIOS F10 орнатуында қосылған болса, S4/S5 мүмкіндігіндегі із PS/2 қосқыштарында қолдау көрсетілген.
2 Құрылғы жаңартулары Қызмет көрсету функциялары Бұл компьютердің жаңартуды және қызмет көрсетуды жеңілдететін функциялары бар. Torx T15 немесе жалпақ ұшты бұрауыш осы тарауда сипатталған кейбір орнату процедуралары үшін қажет. Ескертулер мен сақтандырулар Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын, сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек. 5.
Алдыңғы жапқышын алу 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады.
2. Бітеуіш жапқышты алу үшін төменгі құлақшаны жоғары қарай басып, жапқыштың (1) бүйіріндегі жоғарғы құлақшаны төмен қарай басыңыз, сосын жапқышты бітеуіштің (2) алдыңғы жағынан бұрап шығарыңыз. Алдыңғы жапқышын ауыстыру Жапқыштың төменгі жиегіндегі үш ілгекті шассидің төртбұрыш саңылауына (1) енгізіңіп, жапқыштың жоғарғы жағын шассиге (2) бұраңыз да, орнына сырт еткізіп қойыңыз. Жүйе тақтасының жалғаулары Үлгіңізге арналған жүйе тақтасын анықтау үшін келесі суреттер мен кестелерді қараңыз.
№ Жүйе тақтасының қосқышы Жүйе тақтасының белгісі Түсі Құрамдас бөлшегі 1 PCI Express x1 X1PCIEXP3 қара Кеңейту картасы 2 PCI Express x1 X1PCIEXP2 қара Кеңейту картасы 3 PCI Express x1 X1PCIEXP1 қара Кеңейту картасы 4 PCI Express x16 X16PCIEXP қара Кеңейту картасы 5 Батарея BAT қара Батарея 6 Сериялық порт COMB қара Қосымша екінші сериялық ұяшық 7 DIMM4 (Арна A) DIMM4 ақ Жад модулі 8 DIMM3 (Арна A) DIMM3 қара Жад модулі 9 DIMM2 (Арна В) DIMM2 ақ Жад модулі 1
барынша көп қолдану үшін, жүйе тақтасына 64 Гб-қа дейін орындауы жоғары қос арналы режимде жиналған жад орнатуға болады.
DIMM құралдарын орнату ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан жабдықталып тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нәтижесінде жад модульдарына немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін. Жад модульдарының ұяшықтарының алтындалған метал контактілері болады.
6. Жад модулінің ұяшығының қос ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2) салыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз. Ақ түсті DIMM ұяшықтарынан бұрын қара түсті DIMM ұяшықтарын толтырыңыз. Жоғары орындаулар үшін, ұяшықтарды А арнасы мен В арнасының жад сыйымдылығы тең болатындай толтырыңыз. Толығырақ ақпарат үшін DIMM ұяшықтарын толтыру (9-бет) бетті қараңыз. 7.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек. 5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. 6.
ә. PCI Express x1 кәртішкесін алып тастап жатқан болсаңыз, кәртішкені әрбір ұшынан ұстап, ақырын кері шайқаңыз да, қосқыштар ұядан босағанша күшпен тартыңыз. Кеңейту картасын корпустың (2) ішкі жағынан шығарып алу үшін жоғары қарай тіке (1) көтеріңіз. Картаны басқа бөлшектеріне соғып алмаңыз.
б. 9. Егер PCI Express x16 картасын алу қажет болса, кеңейту ұяшығының артындағы ұстағышын картадан тартып алыңыз да, картаны ұяшықтан шыққанша абайлап артқа және алға қозғаңыз. Кеңейту картасын корпустың ішкі жағынан шығарып алу үшін жоғары қарай тіке көтеріңіз. Картаны басқа бөлшектеріне соғып алмаңыз. Алынған картаны антистатик материалмен ораңыз. 10. Егер жаңа кеңейту картасын салу қажет болмаса, ашық ұяшықты жабу үшін, ұяшықтың қақпағын орнатыңыз.
11. Жаңа кеңейту картасын орнату үшін жүйе тақтасының кеңейту ұяшығының үстіне тақап ұстап тұрыңыз да, картаның тетікшелері шассидің артындағы саңылауға дәл келетіндей етіп шассидің артына (1) қарай картаны жылжытыңыз. Картаны жүйе тақтасындағы кеңейту ұяшығына (2) төмен қарай тура басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кеңейту картасын орнатқанда жалғағыш толығымен кеңейту ұяшығында дұрыс орналасатындай етіп картаны қаттырақ басыңыз. 12. Кеңейту картасын сақтандыру үшін ұяшық қақпағының ұстағышын айналдырып орнына қойыңыз.
16. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз. 17. Қажет болса, компьютер конфигурациясын қайта орындаңыз. Диск орындары 1 9,5 мм жіңішке оптикалық диск бөлімі 2 3,5 дюймдік екінші қатты диск орны 3 3,5 дюймдік бастапқы қатты диск орны ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі драйв конфигурациясы жоғарыда көрсетілген драйв конфигурациясынан бөлек болуы мүмкін. Компьютерде орнатылған сақтау құралдарының түрін, өлшемін растау үшін, компьютер орнатуларын қосыңыз.
● HP қатты диск ұясының (1) жанындағы шассидің алдыңғы жағында орнатылған төрт қосымша 6-32 қатты диск орнату бұрандасын берген. Қатты дискіні алған кезде ескі дискінің бекіту бұрандаларын алып, жаңа дискіге бекітіңіз. ЕСКЕРТУ: Жұмысты жоғалтып алудың және компьютер немесе драйвтың бүлінуін болдырмау үшін: Егер драйвты салсаңыз немесе алсаңыз, жұмыс жүйесін дұрыстап өшіріңіз, компьютерді өшіріңіз және қуат сымын ажыратыңыз. Компьютер қосылып тұрғанда немесе күту режимінде тұрғанда драйвты қозғамаңыз.
6. Оптикалық драйвтың артынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Кабельдерді алатын кезде, кабельдің зақым алуын болдырмау үшін кабель орнына тартқыш немесе қосқышты алыңыз. 7. Жетектің (1) артындағы жасыл босату құлақшасын жоғары қарай басып, жетек ұясынан (2) жетекті сырғытып шығарыңыз. 9,5 мм жіңішке оптикалық дискіні орнату 18 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек. 5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. 6. Жіңішке оптикалық жетекті жапқышы бар ұяшыққа орналастырсаңыз, алдыңғы панелін алып, одан кейін ұяшықтың қақпағын алыңыз. Қосымша ақпаратты Жіңішке оптикалық дискінің бітеуіш жапқышын алу (6-бет) бөлімінен қараңыз. 7.
10. Оптикалық дискінің артынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) қосыңыз. 11. Егер жаңа драйв орнатсаңыз, дерек кабелінің қарама қарсы ұшын жүйе тақтасындағы ашық-көк SATA қосқыштарына (SATA1 немесе SATA2 деп белгіленген) жалғаңыз. 12. Алдыңғы бітеуіш жапқыш алынған болса, орнына салыңыз. 13. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 14. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 15. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
6. Қатты драйвтың артқы жағынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) ажыратыңыз. 7. Дискінің қасындағы жасыл ілгекті сыртқа қарай итеріп (1), дискіні орнынан сырғытып шығарыңыз (2). Қатты дискіні орнату 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек. 22 5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. 6. Сонымен қатар, 3,5 дюймдік қатты дискіні немесе 2,5 дюймдік қатты дискіні 3,5 дюймдік диск саңылауына төменде көрсетілген үлгіге ұқсас адаптер арқылы орната аласыз.
7. Төрт орнату бұрандасын 3,5 дюймдік жетек немесе 2,5 дюймдік жетек адаптері кронштейнінің бүйірлеріне (әр бүйіріне екеуден) орнатыңыз. ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы қатты диск ұяларының жанындағы шассиде орнатылған қосымша төрт орнату бұрандасын береді. Қосымша бекіту бұрандалары орнының суретін Дискілерді орнату және алу (16-бет) бөлімінде қараңыз. 8. Диск орнына бекігенше бекіту бұрандаларының жетекші ұяшықтармен бірге орналасқанына көз жеткізе отырып, диск ұяшығына дискіні сырғытыңыз.
9. Қуат кабелін (1) және дерек кабелін (2) қатты драйвтың артына жалғаңыз. 10. Жаңа драйв орнатар болсаңыз, дерек кабелінің қарама-қарсы шетін сәйкес жүйе тақтасының қосқышына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кез келген қатты дискінің жұмысына ақаулықтар туғызбас үшін, бастапқы қатты дискке арналған дерек кабелі жүйе тақтасындағы SATA0 деп таңбаланған қою-көк қосқышқа жалғануы қажет. Екінші қатты драйвты қосатын болсаңыз, дерек кабелін SATA1 және SATA2 таңбасы бар ашық көк қосқыштардың біреуіне жалғаңыз. 11.
Кабель бекітпесі Ілмелі құлып HP бизнес ДК қауіпсіздік құлпы V2 1. Қауіпсіздік кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұрандалар берілмеген) (1) үшін тиісті бұрандаларды пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және кабель ысырмасының (2) негізіндегі қақпақты бекітіңіз.
2. 26 Қауіпсіздік кабелімен стационал нысанды айналдыра ораңыз.
3. Қауіпсіздік кабелін қауіпсіздік кабелінің ысырмасы арқылы сырғытыңыз. 4. Монитор құлпының екі қайшы тұтқасын тартып, құлыпты монитордың (1) артқы жағындағы қауіпсіздік ұясына салып, құлыпты орнына (2) бекіту үшін қайшы тұтқаларын бірге жауып, кабель бағыттағышын монитор құлпынің (3) ортасы арқылы сырғытыңыз.
28 5. Қауіпсіздік кабелін мониторда орнатылған қауіпсіздік бағыттауышы арқылы сырғытыңыз. 6. Аксессуар кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұранда берілмеген) (1) үшін тиісті бұранданы пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және ысырманың (2) негізіндегі аксессуар кабельдерін орналастырыңыз.
7. Қауіпсіздік кабелін аксессуар кабелінің ысырмасындағы саңылаулар арқылы сырғытыңыз. 8. Берілген бұранданы (1) пайдаланып, құлыпты шассидің артына бұраңыз. Қауіпсіздік кабелінің шетін құлыпқа (2) енгізіңіз және құлыпты жабу үшін түймені (3) итеріңіз. Құлыпты ашу үшін берілген кілтті қолданыңыз.
9. Барлық қадамдарды аяқтаған кезіңізде, жұмыс бекетіңіздегі барлық құрылғыларыңыз қауіпсіздендіріледі. Алдыңғы жапқыш қауіпсіздігі Алдыңғы бітеуіш оның ішіне шассидің алдыңғы жағына бұранданы орнату арқылы орнына бекітілуі мүмкін. 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3.
6. 6-32 бұранданы шассидің алдыңғы жағына және орталық бітеуішті босату қойындысының төменгі жағындағы бұранда саңылауына орнатыңыз. 7. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 8. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 9. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
а Батарея ауыстыру Компьютермен орнатылған батарея ағымдағы уақыт сағатын қуаттандырады. Батареяны ауыстырғанда компьютерде орнатылған бастапқы батареямен бірдей батарея қолданыңыз. Компьютер 3-вольттық тиын тәріздес ұялы литий батареясымен келеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютердің құрамында ішкі литий мырыш қос тотықты батареясы бар. Батареяларды дұрыс пайдаланбаса, өрт және күйік алу қаупі бар. Жарақат алу қаупін азайту үшін: Батареяны қайта зарядтауға тырыспаңыз.
а. Батареяны ұяшығынан көтеріп алыңыз. ә. Ауыстыратын батареяны жағымды жағын жоғары қаратып салыңыз. Батарея ұяшығы автоматты түрде батареяны дұрыс орына орналастырады. 2-түрі а. Батареяны ұяшығынан босату үшін батареяның шетінің үстінде тұрған қысқышты қысыңыз. Батарея шыққанда, көтеріп алып шығыңыз (1). ә. Жаңа батареяны салу үшін, ауыстыратын батареяның бір жақ шетін оң жағы жоғары қараған ұстағыштың ернінің астымен сырғытып салыңыз.
ә. Жаңа батареяны салып, орына түсіріп орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Батареяны ауыстырған соң, бұл жұмысты аяқтау үшін келесі қадамдарды орындаңыз. 8. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 9. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 10. Мерзімі мен уақытын, паспорттарын, барлық ерекше жүйе параметрлерін компьютерді орнату қызметін пайдаланып, қайта бейімдеңіз. 11. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
ә Электр статикалық разряд Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін азайтуы мүмкін. Электр статикалық разрядты болдырмау Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз: ● Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау және тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын алыңыз.
б Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету және жіберу дайындықтары Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету Компьютер және мониторды дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз: ● Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық жерден аулақ ұстаңыз. ● Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз.
Жұмыс істеу ● Жұмыс кезінде драйвты қозғамаңыз. Нәтижесінде оның оқу мүмкіндігі бүлінуі мүмкін. ● Драйвты күтпеген температуралық өзгерістерден сақтаңыз, әйтпесе құрылғы ішінде ылғалдық пайда болуы мүмкін. Драйв қосылып тұрғанда температура өзгерсе, өшіргенге дейін кем дегенде бір сағат күтіңіз. Егер құрылғыны бірден қолдансаңыз, оқу барысында ақаулық пайда болуы мүмкін.
в Қосылу мүмкіндігі HP әзірлейтін, өндіретін және сататын өнімдер мен қызметтердің жеке өздерін немесе көмекші құралдармен бірге барлық адамдар, соның ішінде физикалық қабілеттері шектеулі адамдар да қолдана алады. Қолдауы бар көмекші технологиялар HP өнімдері әр алуан амалдық жүйелерге көмекші технологияларды қолдайды және көмекші технологиялармен бірге жұмыс істеуге конфигурациялауға болады. Көмекші фукциялар туралы қосымша ақпарат табу үшін құрылғының іздеу мүмкіндігін қолданыңыз.
Индекс А алдыңғы жапқыш қауіпсіздігі 30 алдыңғы жапқышты құлыптайды 30 алдыңғы жапқышы алып тастау 6 ауыстыру 7 бітеуішті алып тастау 6 алдыңғы қауіпсіздік жапқышы 30 алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері 1 алу алдыңғы жапқышы 6 кеңейту картасы 11 компьютерге кіру тақтасы 4 алынбалы қатты драйв 20 алынбалы панель алып тастау 4 ауыстыру 5 артқы тақта құрамдас бөлшектері 2 Б батарея ауыстыру 32 батареяны алу 32 салу 32 Д диск кабельдерін орнату 16 дискілер орны 16 дискілерді орнату 16 дискілердің кабельдік байлан