Equipment reference manual

барынша көп қолдану үшін, жүйе тақтасына 64 Гб-қа дейін орындауы жоғары қос арналы режимде
жиналған жад орнатуға болады.
DDR4-SDRAM DIMM құралдары
Жүйенің жұмысы дұрыс болу үшін DIMM құралдары мына талаптарға сай болуы тиіс:
өндірістік стандарты 288-істік
буферсіз ECC PC4-17000 DDR4-2133 МГц-үйлесімді емес
1,2 вольттық DDR4-SDRAM DIMM құралдары
Сонымен қатар DIMM құралдары:
CAS кідірісіне 15 DDR4 2133 МГц (15-15-15 уақыты) қолдау көрсетеді
құрамында міндетті түрде JEDEC SPD ақпараты болуы тиіс
оған қоса, бұл компьютер қолдайды:
512-Mбит, 1-Гбит, және 2-Гбит ECC-емес жад технологияларын
жалғыз-жақты және
екі-жақты DIMM құралдарды
x8 және x16 DDR құрылғысымен жасалған DIMM құрылғылар; x4 SDRAM арқылы жасалған DIMM
құралдарды қолдамайды
ЕСКЕРТПЕ: Егер қолдауы жоқ DIMM құралдар орнатсаңыз, жүйе дұрыс жұмыс істемейді.
DIMM ұяшықтарын толтыру
Жүйе тақтасында әр арнаға екі ұяшықтардан келетін төрт DIMM ұяшықтары бар. Ұяшықтар DIMM1,
DIMM2, DIMM3 және DIMM4 атауларымен таңбаланған. DIMM1 және DIMM2 ұяшықтары В арна жадында
қызмет атқарады. DIMM3 және DIMM4 ұяшықтары А арна жадында қызмет атқарады.
Жүйе DIMM құралдарының орнатуларына қарай автоматты түрде жалғыз арналы, қос арналы, немесе
икемді режимде жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ: Жалғыз арна және теңгерілмеген қос арна жадының
конфигурациялары график жұмысын
нашарлатады.
Егер DIMM ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс істейді.
Егер А арнасындағы DIMM құралдар жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM
құралдар жадының толық сыйымдылығына тең болса, жүйе қос арналы жоғары орындау
режимінде жұмыс істейді. Мысалы, егер А арнасы екі 1-GB DIMM құралдарымен толтырылса және
В 2-GB DIMM біреуімен толтырылса, жүйе қос арналы күйде қызмет атқарады
.
Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық
сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді. Икемді жүйесінде ең аз
жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін және жалғыз арнаға
тағайындалған қалдықты сипаттайды. Оңтайлы жылдамдық үішн, арналар жадтың үлкен
көлемінің екі арналар араларында таралатындай теңестірілуі қажет. Егер
бір арнаның жады
басқасынан қарағанда артық болса, үлкендеу мөлшері А арнасына тағайындалуы тиіс. Мысалы,
егер сіз ұяшықтарды бір 2-GB DIMM құралымен және үш 1-GB DIMM құралдарымен толтырып
жатсаңыз, А арнасы 2-GB DIMM және бір 1-GB DIMM құралымен және В басқа екі 1-GB DIMM
құралдарымен толтырылуы қажет. Осы конфигурациясының негізінде, 4-Гб қос арна ретінде
және 1-Гб жалғыз арна ретінде іске қосылуы қажет.
Барлық режимде ең жоғары жұмыс жылдамдығы жүйедегі ең баяу DIMM арқылы анықталады.
Қосымша жад орнату 9