Equipment reference manual
6. Жад модулінің ұяшығының қос ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2) салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад
ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз.
Ақ түсті DIMM ұяшықтарынан бұрын қара түсті DIMM ұяшықтарын толтырыңыз.
Жоғары орындаулар үшін, ұяшықтарды А арнасы мен В арнасының жад сыйымдылығы тең
болатындай толтырыңыз. Толығырақ ақпарат үшін
DIMM ұяшықтарын толтыру (9-бет) бетті
қараңыз.
7. Модуль толығымен енгізілгенін және дұрыс орнатылғанын тексеру арқылы модульді ұяшықтың
ішіне төмен қарай басыңыз. Кертпелердің жабылғанын (3) тексеріңіз.
8. Кез келген қосымша модуль орнату үшін, 6 мен 7-қадамды қайталаңыз.
9. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
10. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз.
11. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
Компьютерді келесі
жолы қосқанда, ол қосымша жадты автоматты түрде оқуы тиіс.
Кеңейту картасын алу немесе орнату
Компьютерде үш PCI Express x1 кеңейту ұяшығы және бір PCI Express x16 кеңейту ұяшығы бар.
ЕСКЕРТПЕ: PCI Express x1, x8 немесе x16 кеңейту карталарын PCI Express x16 ұясына орнатуға
болады.
Екі графикалық карта конфигурациясы үшін, алғашқы (негізгі) картаны PCI Express x16 ұяшығына
орнату керек.
Кеңейту картасын алу, ауыстыру немесе қосу үшін:
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
Кеңейту картасын алу немесе орнату 11