Equipment reference manual
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу
үшін қуат сымын ажыратып қою керек
.
5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
6. Кертпенің тартқышын көтеріп және кертпені ашық жағына қарай айналдыру арқылы ұяшық
қақпағының тіреуішін босатыңыз.
7. Дұрыс бос кеңейту ұяшығын жүйе тақтасына және сәйкес кеңейту ұяшығын компьютер шассиінің
артына орналастырыңыз.
8. Кеңейту картасын орнатуға дейін кеңейту ұяшығының қақпағын немесе ішінде тұрған кеңейту
картасын алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнатылған кеңейту картасын алу үшін, кеңейту картасына жалғанып тұрған
барлық кабельдерді ажыратыңыз.
а. Егер бос ұяшыққа кеңейту картасын орнатып жатсаңыз, кеңейту ұяшығының
жапқыштарының біреуін жоғары сырғытып, корпустан шығарып алу керек немесе кеңейту
ұяшығын жауып тұратын артқы тақтадағы металл қалқаншаларды шешіп алу үшін жалпақ
ұшты бұрауышты пайдалану керек. Орнатылудағы кеңейту картасы үшін тиісті қалқанды
міндетті түрде алыңыз.
12 2-тарау Құрылғы жаңартулары