Equipment reference manual
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу
үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
6. Жіңішке оптикалық жетекті жапқышы бар ұяшыққа орналастырсаңыз, алдыңғы панелін алып,
одан кейін ұяшықтың қақпағын алыңыз. Қосымша ақпаратты
Жіңішке оптикалық дискінің
бітеуіш жапқышын алу (6-бет) бөлімінен қараңыз.
7. Орнатылған оптикалық дискіні алу үшін осы нұсқауларды орындаңыз.
9,5 мм жіңішке оптикалық
дискіні шығарып алу (17-бет) бөлімін қараңыз.
8. Босату ілмегіндегі шағын істікшені дискінің бүйіріндегі шағын тесікке туралаңыз да, құлақшаны
дискіге қарай қаттырақ басып жіберіңіз.
9. Оптикалық дискіні шассидің алдыңғы жағы (1) арқылы саңылауға қарай жасыл құлақша корпус
жақтауына (2) құрсауланғанша сырғытып салыңыз.
Дискілерді орнату және алу 19