HP DesignJet T1700 Printer series - Getting Started Information

Барлық бағдарламалар бетінің динамикалық белгішелері (жалғасы)
Принтер желісі параметрлерін қарап
теңшеңіз.
Басып шығару сапасын жақсарту
әрекеттерін орындаңыз.
Принтердегі қағаз және бояу қолданысы
туралы ақпаратты қараңыз.
Белгілі бір принтер параметрлерін қарап
өзгертіңіз.
Принтер туралы ақпаратты табыңыз.
Принтер біраз уақыт бойы бос болса, ол ұйқы режиміне өтеді және алдыңғы панель дисплейін өшіреді.
Ұйқы режимінен бұрын өтетін уақытты өзгерту үшін
опциясын, кейін System (Жүйе) > Power options
(Қуат параметрлері) > Printer sleep (Принтердің ұйықтауы) тармағын түртіңіз. Уақытты 5 және 240 минут
аралығында орнатуға болады; Әдепкі уақыт — 20 минут. Бұл уақыт күңгірт режимдегі 5 минутты қамтиды.
Қуат түймесін басу арқылы, басып шығару тапсырмасын жіберіп, қақпақты ашып немесе алдыңғы панельді
түртіп, принтерді ұйқы режимінен оятуға болады.
Принтерді автоматты түрде өшіру үшін
принтерді автоматты түрде өшіру мүмкіндігін пайдалануға болады.
Мысалы, оны 2 сағатқа орнатқанда, принтер 2 сағат әрекетсіздіктен кейін өшеді. Осылайша көбірек
энергияны үнемдей аласыз.
Дегенмен, желі пайдаланушыларына кедергі келтірмеу үшін басып шығарғыш желіге қосылғанда, автоматты
түрде өшіру мүмкіндігі автоматты түрде ажыратылады.
Алдыңғы панельдің қате кодтары
Принтер кейде алдында 12 сандық код, кейін орындау қажет деп ұсынылған әрекет бар жүйе қатесін көрсетуі
мүмкін.
Көптеген жағдайларда принтерді қайта іске қосу сұралады, себебі принтер іске қосылған кезде ол қатені тиісті
түрде диагностикалап, оны автоматты түрде түзете алады. Егер қайта іске қосқаннан кейін ақаулық
қайталанса, HP қолдау көрсету өкіліне хабарласу және қате хабарындағы
сандық кодты беруге дайын болу
қажет.
Егер қате хабарында кейбір басқа ұсынылған әрекет болса, принтер нұсқауларын орындаңыз.
6 HP DesignJet T1700, HP DesignJet T1700dr, HP DesignJet T1700 PostScript Printer және
HP DesignJet T1700dr PostScript Printer
KKWW
Казак