HP DesignJet T1700 Printer series - Getting Started Information

Мобильдік құрылғылар арқылы басып шығару
HP Mobile Printing шешімдері арқылы кез келген жерде ұялы телефонның операциялық жүйесін пайдаланып
немесе принтерге PDF, TIFF немесе JPEG тіркемесі бар электрондық хабар жіберіп, бірнеше қарапайым
қадаммен тікелей смартфоннан немесе планшеттен басып шығаруға болады.
Apple iOS басып шығару мүмкіндігі iOS құрылғыларында алдын ала орнатылып келетін AirPrint қызметі
арқылы қосылады.
Android басып шығару мүмкіндігі үшін Google Play қызметінен HP Print Service қолданбасын орнатыңыз.
Егер ол бұрыннан орнатылған
болса, нұсқасының соңғы екенін тексеріңіз. Ең соңғы нұсқасын
https://play.google.com/store/apps/details?id=com.hp.android.printservice сайтынан алуға болады.
Сондай-ақ, смартфоннан немесе планшеттен басып шығару мүмкіндіктерін кеңейту үшін HP Smart
қолданбасын жүктеп алуға болады:
Соңғы iOS нұсқасы
https://itunes.apple.com/app/id469284907 сайтында
Соңғы Android нұсқасы
https://play.google.com/store/apps/details?id=com.hp.printercontrol
сайтында.
Электрондық поштамен басып шығару мүмкіндігін қосу үшін қызметтің қосулы екенін тексеріп,
алдыңғы панельден принтердің электрондық пошта мекенжайын алыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін
http://www.hp.com/go/designjetmobility сайтына кіріңіз.
Электрондық хабармен басып шығару мүмкіндігін қосу
1. Басып шығарғыштың Интернетке дұрыс қосылғандығын тексеріңіз.
2.
Алдыңғы панельде
опциясын түртіп, Services (Қызметтер) опциясын түртіңіз.
Егер HP ePrint функциясы қосылса, күйі мен тағайындалған принтердің электрондық пошта
мекенжайы Connectivity қолданбасында көрсетіледі.
Егер HP ePrint функциясы қосылмаса,
опциясын түртіп, Services (Қызметтер) > HP ePrint > HP
ePrint connectivity (HP ePrint қосылу мүмкіндігі) > Enable (Қосу) тармағын түртіңіз.
3. Бұлқосымша қадам: Егер принтер әкімшісі болсаңыз, принтердің электрондық пошта мекенжайын
реттеу немесе қашықтан басып шығару мақсатында принтер қауіпсіздігін басқару үшін HP Connected
(
http://www.hpconnected.com) қызметіне кіріңіз.
HP Connected туралы соңғы ақпарат, қолдау және пайдалану шарттары бойынша
http://www.hpconnected.com сайтын қараңыз (аймағыңыздағы қолжетімділікті тексеріңіз).
KKWW
Мобильдік құрылғылар арқылы басып шығару
7
Казак