HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide
Үшінші қадам: Send to Email (Электрондық хабарды жіберу) мүмкіндігін реттеу
Send to Email (Электрондық хабарды жіберу) мүмкіндігін реттеудің екі опциясы бар: негізгі реттеу үшін
Email Setup Wizard (Электрондық поштаны орнату шебері) және кеңейтілген реттеу үшін Email Setup
(Электрондық поштаны орнату). Мына опцияларды электрондық хабарды жіберу мүмкіндігін реттеу үшін
пайдаланыңыз:
●
Бірінші әдіс: Электрондық поштаны орнату шеберін қолданып негізгі реттеу
●
Екінші әдіс: Электрондық поштаны орнату мүмкіндігін пайдаланып кеңейтілген реттеуді орындау
Бірінші әдіс: Электрондық поштаны орнату шеберін қолданып негізгі реттеу
Электрондық поштаны орнату шеберін қолданып негізгі реттеуді орындаңыз.
Бұл опция негізгі реттеуге арналған HP ендірілген веб-серверіндегі (EWS) Email Setup Wizard (Электрондық
поштаны орнату) шеберін ашады.
1. EWS жоғары шарлау қойындыларын қолданып Scan/Digital Send (Сканерлеу/Сандық жіберу) түймесін
басыңыз.
2. Сол жақтағы шарлау аймағында Email and Scan to Network Folder Quick Setup Wizards (Электрондық
пошта және желі қалтасына сканерлеу функциясын жылдам орнату шеберлері) түймесін басыңыз.
3. Email and Scan to Network Folder Quick Setup Wizards (Электрондық пошта және желі қалтасына
сканерлеу функциясын жылдам орнату шеберлері) аймағында Email Setup (Электрондық поштаны
орнату) сілтемесін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігі өшірілгенін көрсететін хабар көрсетілсе,
конфигурациямен жалғастыру үшін Continue (Жалғастыру) түймесін басып, аяқтау кезінде
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін қосыңыз.
4. Congure Email Server (SMTP) (Электрондық пошта серверлерін реттеу (SMTP)) тілқатысу терезесінде
келесі опциялардың біреуін таңдаңыз және қадамдарды орындаңыз:
KKWW Электрондық поштаға сканерлеуді орнату 89