HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide
Бесінші қадам: Oice 365 Outlook (қосымша) мүмкіндігін пайдалану үшін
электрондық хабарды жіберуді орнатыңыз
Электрондық хатты Oice 365 Outlook есептік жазбасынан жіберу үшін Электрондық поштаға жіберу
мүмкіндігін реттеңіз.
●
Кіріспе
●
Oice 365 Outlook есептік жазбасы арқылы электрондық хабар жіберу үшін шығыс электрондық
серверді (SMTP) реттеңіз
Кіріспе
Microsoft Oice 365 Outlook – электрондық хабарларды жіберу немесе қабылдау үшін Microsoft
компаниясының Simple Mail Transfer Protocol (SMTP) серверін пайдаланатын, бұлтқа негізделген Microsoft
компаниясының электрондық пошта сервері. Принтердің басқару тақтасында Oice 365 Outlook есептік
жазбасы арқылы электрондық хабарды жіберуді қосу үшін келесіні орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Ендірілген веб-сервердегі параметрлерді конфигурациялау үшін Oice 365 Outlook
бағдарламасында электрондық пошта мекенжайының есептік жазбасы болуы тиіс.
Oice 365 Outlook есептік жазбасы арқылы электрондық хабар жіберу үшін шығыс электрондық
серверді (SMTP) реттеңіз
Төмендегі процедураны орындап, шығыс электрондық серверді реттеңіз.
1. EWS жоғары шарлау қойындыларын пайдаланып Networking (Желі) түймесін басыңыз.
2. Сол жақ шарлау аумағында TCP/IP Settings (TCP/IP параметрлері) түймесін басыңыз.
3. TCP/IP Settings (TCP/IP параметрлері) аймағында Network Identication (Желіні анықтау) жиекбелгісін
басыңыз.
KKWW Электрондық поштаға сканерлеуді орнату 99