HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide

Екінші әдіс: Желілік қалтаға сканерлеуді реттеу мүмкіндігін пайдалану
Бұл параметр принтерге арналған HP ендірілген веб-серверін (EWS) пайдаланып Желілік қалтаға
сақтаудың кеңейтілген конфигурациясын қосады.
Бірінші қадам: конфигурацияны бастау
Екінші қадам: Scan to Network Folder (Желілік қалтаға сканерлеу) параметрлерін реттеу
Үшінші қадам: Конфигурациялауды анықтау
ЕСКЕРТПЕ: бастамас бұрын принтердің IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Information
(Ақпарат) белгішесін, сосын принтердің басқару тақтасындағы Network (Желі) белгішесін түртіңіз.
Бірінші қадам: конфигурацияны бастау
Желі қалтасына сканерлеу параметрлерін орнатуды бастау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Scan/Digital Send (Сканерлеу/сандық жіберу) жиекбелгісін басыңыз.
2. Сол жақ шарлау аймағындағы Scan to Network Folder Setup (Желі қалтасына сканерлеу
параметрлерін орнату) сілтемесін басыңыз.
KKWW Желілік қалтаға сканерлеуді реттеу 107