HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide

Бұл түймелерді нобай көрінісі мен бір беттік көрініс арасында ауысу үшін пайдаланыңыз. Бір
беттік көрініспен салыстырғанда нобай көрінісіндегі қолжетімді опциялар көбірек.
Бұл түймелерді таңдалған бетті ұлғайту немесе кішірейту үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түймелерді пайдалану үшін бір уақытта тек бір бетті таңдаңыз.
Бұл түймені бетті 180 градусқа бұру үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түйме тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Бұл түймені таңдалған беттерді жою үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түйме тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Бұл түймелерді құжаттағы беттердің қайта реттеу үшін пайдаланыңыз. Бір немесе бірнеше
бетті таңдап, оларды солға немесе оңға жылжытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түймелер тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Бұл түймені құжатқа қосымша бет қосу үшін пайдаланыңыз. Принтер қосымша беттерді
шығаруға кеңес береді.
Бұл түймені алдын ала қарауға енгізілген өзгерістерді жойып, қайта бастау үшін
пайдаланыңыз.
Алдын ала көру экранын жиып, Көшіру экранына оралу үшін осы түймені басыңыз.
7. Файлды сақтау үшін Start (Бастау) түймесін түртіңіз.
Scan to SharePoint (SharePoint сайтына сканерлеу) үшін жылдам орнатылатын
сканерлеу параметрлері және опциялары
Scan to SharePoint
®
(SharePoint® сайтына сканерлеу) жылдам орнатуын қосу, өңдеу немесе көшіру кезінде
«Жылдам орнату» шеберіндегі қолжетімді параметрлер мен опцияларды қараңыз.
KKWW SharePoint® торабына сканерлеу мүмкіндігін орнату 123