HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide
Екі беттік көріністі және нобайлық көріністі ауыстырып қосыңыз. Екі беттік көрініспен
салыстырғанда, нобайлық көріністе қолжетімді опциялар көбірек.
Таңдалған бетті үлкейтіңіз не кішірейтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түймелерді пайдалану үшін бір уақытта тек бір бетті таңдаңыз.
Бетті 180 градусқа бұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түйме тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Таңдалған беттерді жойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түйме тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Құжаттағы беттерді қайта реттеңіз. Бір немесе бірнеше бетті таңдап, оларды солға немесе
оңға жылжытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түймелер тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Бетті құжатқа қосыңыз. Принтер қосымша беттерді сканерлеуге кеңес береді.
Алдын ала қарау кезінде енгізілген өзгерістерді тазалаңыз да басынан бастаңыз.
8. Құжат дайын болғанда, файлды USB құралына сақтау үшін Save (Сақтау) опциясын таңдаңыз.
HP JetAdvantage іскери шешімдерін пайдалану
HP JetAdvantage шешімдері жұмыс ағыны және пайдалануға оңай шешімдерді басып шығару болып
табылады және желі мен бұлтқа негізделеді. HP JetAdvantage шешімдері барлық түрлердегі бизнестерге
көмектесу үшін жасалған, ол денсаулықты күтуді, қаржылық қызметтерді, өндірісті және қоғамдық
секторды қамтиды, принтерлер мен сканерлер ағынын басқарады.
HP JetAdvantage шешімдері мыналарды қамтиды:
142 6-тарау Сканерлеу KKWW