HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Settings (Параметрлер) қолданбасын түртіп,
Settings (Параметрлер) белгішесін таңдаңыз.
2. Қолмен конфигурациялауды қосу үшін келесі мәзірлерді ашыңыз:
● Желіде
● Ethernet
● TCP/IP
● IPV6 параметрлері
3. Enable (Қосу) параметрін таңдап, On (Қосулы) түймесін басыңыз.
4. Enable Manual Settings (Қолмен енгізу параметрлерін қосу) опциясын таңдап, Done (Орындалды)
түймесін түртіңіз.
5. Мекенжайды конфигурациялау үшін, Address (Мекенжай) мәзірін ашып, пернетақтаны ашу үшін
жолды түртіңіз.
6. Пернетақтаны пайдаланып мекенжайды енгізіңіз де, OK түймешігін түртіңіз.
7. Save (Сақтау) опциясын түртіңіз.
Сілтеме жылдамдығы және дуплекстеу параметрлері
Байланысу жылдамдығы және дуплекстеу параметрлеріне өзгертулер енгізу үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл ақпарат тек Ethernet желілеріне ғана қатысты. Оның сымсыз желілерге қатысы жоқ.
Баспа серверінің сілтеме жылдамдығы мен байланыс режимі желі хабына сәйкес болуы тиіс. Көп
жағдайларда принтерді автоматты күйде қалдырыңыз. Байланыс жылдамдығы және дуплекстеу
параметрлерін дұрыс өзгертпеу принтердің басқа желілік құрылғылармен байланысына кедергі жасауы
мүмкін. Өзгерістер енгізу үшін, принтердің басқару панелін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтердің параметрі желілік құрылғының (желілік хаб, қосқыш, шлюз, роутер немесе
компьютер) параметріне сәйкес келуі керек.
ЕСКЕРТПЕ: Осы параметрлерге өзгерістер енгізу принтердің өшіп, қайта қосылуына әкеледі. Өзгерістерді
принтер бос тұрғанда ғана енгізіңіз.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Settings (Параметрлер) қолданбасын түртіп,
Settings (Параметрлер) белгішесін таңдаңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
● Желіде
● Ethernet
● Байланыс жылдамдығы
3. Келесінің бірін таңдаңыз:
168 8-тарау Принтерді басқару KKWW