HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide
Әкімші құпия сөзін тағайындау
Рұқсаты жоқ пайдаланушылар принтер параметрлерін өзгерте алмауы үшін, принтерге және HP ендірілген
веб-серверіне өтуге арналған әкімші құпия сөзін тағайындаңыз.
●
Құпиясөзді орнату үшін HP ендірілген веб-серверін (EWS) пайдаланыңыз
●
Принтердің басқару тақтасында пайдаланушының кіру деректерін ұсыну
Құпиясөзді орнату үшін HP ендірілген веб-серверін (EWS) пайдаланыңыз
Принтерге құпиясөз орнату үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Information (Ақпарат) белгішесін, одан
кейін
IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network (Желі) белгішесін түртіңіз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру
компьютерге зақым келтірмейді.
2. Security (Қауіпсіздік) қойындысын басыңыз.
3. General Security (Жалпы қауіпсіздік) мәзірін ашыңыз.
4. Set the Local Administrator Password (Жергілікті әкімші құпия сөзін орнату) деп белгіленген аймақтағы
Username (Пайдаланушы аты) жолына құпия сөзбен байланысты атты енгізіңіз.
5. Құпия сөзді New Password (Жаңа құпия сөз) жолына енгізіп, Verify Password (Құпия сөзді растау)
жолына қайта енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: бұрыннан бар құпия сөзді өзгерту үшін, алдымен бұрыннан бар құпия сөзді Old Password
(Ескі құпия сөз) жолына енгізіңіз.
6. Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: құпия сөзді жазып алып, оны қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз. Әкімші құпия сөзі қалпына
келтірілмейді. Егер әкімші құпия сөзі жоғалса немесе ұмытылса, принтерді толығымен бастапқы
қалпына келтіруге қажетті көмек үшін support.hp.com торабынан HP қолдау қызметіне
хабарласыңыз.
Принтердің басқару тақтасында пайдаланушының кіру деректерін ұсыну
Басқару панеліне кіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Принтердің басқару панеліндегі кейбір мүмкіндіктерді қорғауға болады, сонда рұқсат етілмеген адамдар
оларды пайдалана алмайды. Мүмкіндік қорғалған кезде, оны пайдалана алуыңыз алдында принтер кіруді
ұсынады. Принтердің басқару панеліндегі Sign In (Кіру) түймесін басу арқылы шақыруды күтпестен кіруге
болады.
KKWW Принтердің қауіпсіздік мүмкіндіктері 171