HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide

Құжатты беру құрылғысында кептелістер, ығыс кету немесе қағаздың бірнеше
парақтарын алу туындаса
Осы мәселенің ықтимал шешімдерін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл ақпарат тек көп функциялы принтерлерге қатысты.
Түпнұсқада алынып тасталуы қажет қапсырмалар мен өзіндік жабыстыру жазбалары сияқты бір
нәрсе болуы мүмкін.
Жоғарғы құжатты беру құрылғысы қақпағының жабық екенін тексеріңіз.
Беттердің дұрыс орналастырылмаған болуы мүмкін. Беттерді түзетіп, буманы ортаға орналастыру
үшін қағаз бағыттауыштарын сәйкестендіріңіз.
Қағаз бағыттауыштары дұрыс жұмыс істеуі үшін қағаз бумасының бүйірлеріне тиіп тұруы қажет. Қағаз
бумасының түзу және бағыттауыштардың қағаз бумасы бойымен орналастырылғанын тексеріңіз.
Құжатты беру құрылғысының кіріс науасы немесе шығыс науасы беттердің ең үлкен санынан көп
бетті қамтуы мүмкін. Қағаз бумасының төмендегі кіріс науасындағы бағыттауыштарға сәйкес келетінін
тексеріңіз және шығыс науасынан беттерді алып тастаңыз.
Қағаз жолында ешбір қағаздың бөліктерінің, қапсырмалардың, қағаз қыстырғыштарының немесе
басқа қалдықтардың болмауын тексеріңіз.
Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Supplies (Жабдықтар) тармағына барып, оны түртіңіз.
Құжатты беру құрылғысы жинағының күйін тексеріп, қажет болса, ауыстырыңыз.
KKWW Принтер қағазды алмайды немесе дұрыс бермейді 187