HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide
4. Науаға парақты салыңыз.
5. Қағаз ұзындығын және қағаз енін
бағыттағыштарды пайдаланылатын қағаздың
өлшеміне қарай реттеңіз. Бағыттағыштардың
бумаға майыстырмай, сәл тиіп тұрғанына көз
жеткізу үшін қағазды тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаз бумасын қағаз
бағыттауыштарымен қатты қыспаңыз. Оларды
науадағы таңбалармен немесе белгілермен
реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Кептеліп қалмауы үшін қағаз
бағыттауыштарын дұрыс өлшемге қойып,
науаны толтырып жібермеңіз. Буманың жоғарғы
жағы науаның толық көрсеткішінен төмен
екенін тексеріңіз.
6. Науаны жабыңыз.
7. Принтердің басқару тақтасында науаны
конфигурациялау туралы хабар көрсетіледі.
8. Анықталған түр мен өлшемді қабылдау үшін OK
түймешігін түртіңіз немесе басқа қағаз өлшемін
немесе түрін таңдау үшін Modify (Өзгерту)
түймешігін түртіңіз.
Принтердің басқару тақтасында ескерту
көрсетілгенде, өзгертпелі өлшемді қағаз үшін X
және Y өлшемдерін көрсетіңіз.
2 және 3-науалардағы қағаз бағыты
Үздік баспа сапасын қамтамасыз ету үшін 2 және 3-науаларға қағазды дұрыс орналастырыңыз.
34 2-тарау Қағаз науалары KKWW