HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide
Конверттерді салу және басып шығару
Конверттерге басып шығару үшін 1-науаны ғана пайдаланыңыз. 1-науаға 10 конвертке дейін сыяды.
●
Конверттерді басып шығару
●
Конверт бағыты
Конверттерді басып шығару
Конверттерді қолмен беру опциясын пайдаланып басып шығару үшін баспа драйверінде дұрыс
параметрлерді таңдау мақсатында мына қадамдарды орындаңыз
, одан кейін конверттерді науаға
принтерге баспа тапсырмасын жібергеннен кейін салыңыз.
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Түйменің атауы бағдарламаға қарай әртүрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Басып шығару мүмкіндіктеріне Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру
үшін, Devices (Құрылғылар) бөлімін таңдап, Print (Басып шығару) тармағын таңдаңыз, содан кейін
принтерді таңдаңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Paper size (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен конверттер үшін дұрыс өлшемді таңдаңыз.
5. Paper type (Қағаз түрі) ашылмалы тізімінен Envelope (Конверт) параметрін таңдаңыз.
6. Paper source (Қағаз көзі) ашылмалы тізімінен Manual feed (Қолмен беру) тармағын таңдаңыз.
7. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймесін түртіңіз.
8. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймесін түртіңіз.
Конверт бағыты
Дұрыс басып шығару үшін конверттерді белгілі бір тәртіппен салу керек.
KKWW Конверттерді салу және басып шығару 39