HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide
Тонер жинау құрылғысын ауыстырыңыз
Принтерден хабар алсаңыз немесе басып шығару сапасына байланысты мәселелер болса, тонер жинау
құрылғысын ауыстырыңыз.
●
Тонер жинау құрылғысын шығару және ауыстыру (E77822, E77825, E77830 үлгілері)
●
Тонер жинау құрылғысын шығару және ауыстыру (E72525, E72530, E72535 үлгілері)
Тонер жинау құрылғысын шығару және ауыстыру (E77822, E77825, E77830
үлгілері)
Тонерді жинау құрылғысын (ТЖҚ) ауыстыру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Алдыңғы есікті ашыңыз.
2. Қойындыларды босату үшін тонерді жинау
құрылғысының екі жағын тартып, оны
принтерден тікелей шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерден шығарып алғанда, ТЖҚ
күйін сақтаңыз. Осылайша сіз тонердің принтерге
төгілмеуін қамтамасыз етесіз. ТЖҚ толық шығарып
алынған соң оны бүйірімен қоймаңыз. Құрылғыны тік
күйінде қойыңыз.
50 3-тарау Жабдықтар, қосалқы құралдар мен бөлшектер KKWW