HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide
5. Құжат сипаттары тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз. Тапсырманы басып шығару
үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі Print (Басып шығару) түймесін басыңыз.
Егер науаны конфигурациялау керек болса, принтердің басқару тақтасында науаны конфигурациялау
туралы хабар көрсетіледі.
6. Түрі мен өлшемі көрсетілген қағазды науаға салып, оны жабыңыз.
7. Анықталған түр мен өлшемді қабылдау үшін OK түймешігін түртіңіз немесе басқа қағаз өлшемін
немесе түрін таңдау үшін Modify (Өзгерту) түймешігін түртіңіз.
8. Дұрыс түр мен өлшемді таңдаңыз да, OK түймешігін түртіңіз.
Қосымша басып шығару тапсырмалары
Жалпы басып шығару тапсырмаларын орындау үшін ақпаратты интернеттен табыңыз.
http://www.hp.com/support/ljE72500MFP немесе http://www.hp.com/support/colorljE77800MFP торабына
өтіңіз.
Басып шығару тапсырмалары үшін нұсқаулар қол жетімді, мысалы:
● Басып шығару таңбашаларын немесе алдын ала орнатылған параметрлерін жасау және пайдалану
● Қағаз өлшемін таңдау немесе өзгертілмелі қағаз өлшемін пайдалану
● Парақ бағдарын таңдау
● Буклет жасау
● Құжатты белгілі бір қағаз өлшеміне сыятындай масштабтау
● Құжаттың бірінші немесе соңғы беттерін басқа қағазға басып шығару
● Құжатқа су таңбаларын басып шығару
KKWW Басып шығару тапсырмалары (Windows) 65