HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide

4. Two-Sided (Екі жақты) ашылмалы тізімінен байластыру опциясын таңдаңыз.
5. Print (Басып шығару) түймесін басыңыз.
Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (macOS)
Бұл процедураны автоматты дуплексер орнатылмаған принтерлерде немесе дуплексер қолдамайтын
қағазға басып шығару үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік HP принтер драйверін орнатсаңыз ғана қол жетімді. AirPrint мүмкіндігін
пайдаланып жатсаңыз ол қол жетімді болмауы мүмкін.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Принтерді таңдаңыз.
3. Show Details (Мәліметтерді көрсету) немесе Copies & Pages (Көшірмелер және беттер) түймесін басып,
Manual Duplex (Қолмен дуплекстеу) мәзірін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: элементтің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
4. Manual Duplex (Қолмен дуплекстеу) жолын, содан кейін байластыру опциясын таңдаңыз.
5. Print (Басып шығару) түймесін басыңыз.
6. Принтерге өтіп, 1-науа ішіндегі кез келген таза парақты алып тастаңыз.
7. Басылып шыққан буманы шығыс себетінен шығарып, басылған жағын төмен қаратып кіріс науасына
салыңыз.
8. Ұсынылса, басқару тақтасындағы тиісті түймешікті басып жалғастырыңыз.
Бір параққа бірнеше бетті басып шығару (macOS)
Print (Басып шығару) параметрі арқылы бағдарламалық құрал қолданбасынан басып шығарған кезде, бір
қағазға бірнеше бет басып шығару опциясын таңдай аласыз. Мысалы, өте үлкен құжат басып шығарған
кезде, қағазды үнемдеу үшін осылай орындағыңыз келуі мүмкін.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Принтерді таңдаңыз.
3. Show Details (Мәліметтерді көрсету) немесе Copies & Pages (Көшірмелер және беттер) түймесін басып,
Layout (Орналасу) мәзірін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: элементтің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
4. Pages per Sheet (параққа бет) ашылмалы тізімінен әр парақта басып шығару керек беттер санын
таңдаңыз.
5. Layout Direction (Орналасу бағыты) аймағында парақтағы беттер реті мен орнын таңдаңыз.
6. Borders (Жиектер) мәзірінен әр парақтың айналасында басылатын жиек түрін таңдаңыз.
7. Print (Басып шығару) түймесін басыңыз.
KKWW Баспа тапсырмалары (macOS) 67