HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide
● Quick Copy (Жылдам көшірме): Тапсырманың сұралған көшірмелер санын басып шығарып,
кейінірек қайта басып шығару үшін тапсырма көшірмесін принтердің жадына сақтауға болады.
● Stored Job (Сақталған тапсырма): Тапсырманы принтерде сақтап, басқаларға тапсырманы кез
келген уақытта басып шығаруға мүмкіндік беріңіз. Осы тапсырманы сақтау режимі үшін Make Job
Private/Secure (Тапсырманы жеке/қорғалған ету) опцияларының біреуін таңдауға болады. Егер
тапсырмаға жеке идентификациялық нөмір (PIN) тағайындасаңыз, тапсырманы басып
шығаратын адам басқару панелінде қажетті PIN кодын енгізуі керек. Тапсырманы шифрласаңыз,
тапсырманы басып шығаратын адам басқару панелінде қажет құпия сөзді енгізуі керек.
5. Өзгертілмелі пайдаланушы атын немесе тапсырма атын пайдалану үшін, Custom (Өзгертілмелі)
түймешігін басып, пайдаланушы атын немесе тапсырма атын енгізіңіз.
Егер басқа сақталған тапсырмада сондай ат болса, қандай опция пайдаланылатынын таңдаңыз:
● Use Job Name + (1-99) (Тапсырма атын + (1-99) пайдалану): тапсырма атының соңына бірегей
сан қосыңыз.
● Replace Existing File (Бар файлды алмастыру): бар сақтаулы тапсырманы жаңасымен
алмастырыңыз.
6. Құжат сипаттары тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймесін түртіңіз. Тапсырманы басып шығару үшін
Print (Басып шығару) диалогтік терезесіндегі Print (Басып шығару) түймесін басыңыз.
Сақталған тапсырманы жасау (macOS)
Жеке немесе кейінге қалдырылған тапсырмаларды басып шығару үшін USB флеш-дискісіне сақтаңыз.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен принтерді таңдаңыз.
3. Show Details (Мәліметтерді көрсету) немесе Copies & Pages (Көшірмелер және беттер) түймесін басып,
Job Storage (Тапсырма сақтау) мәзірін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Job Storage (Тапсырма сақтау) мәзірі көрсетілмесе, мәзірді іске қосу үшін «Басып шығару»
терезесін жауып қайта ашыңыз.
4. Mode (Режим) ашылмалы тізімінен сақталған тапсырманың түрін таңдаңыз.
● Proof and Hold (Растау және ұстау): тапсырманың бір көшірмесін басып шығарып, тексеріңіз де,
қосымша көшірмелерді басып шығарыңыз.
● Personal Job (Жеке тапсырма): тапсырма оны принтердің басқару панелінде сұрағанша дейін
басып шығарылмайды. Егер тапсырманың жеке идентификациялық нөмірі (PIN) болса, басқару
панелінде қажетті PIN кодын енгізуіңіз керек. Басып шығару тапсырмасы басып шығарылғаннан
кейін жадтан жойылады және принтердің қуаты сөнген жағдайда жойылады.
● Quick Copy (Жылдам көшірме): тапсырманың сұралған көшірмелер санын басып шығарып,
кейінірек қайта басып шығару үшін тапсырма көшірмесін принтердің жадына сақтаңыз.
● Stored Job (Сақталған тапсырма): Тапсырманы принтерде сақтап, басқаларға тапсырманы кез
келген уақытта басып шығаруға мүмкіндік беріңіз. Егер тапсырманың жеке идентификациялық
нөмірі (PIN) болса, тапсырманы басып шығаратын адам басқару панелінде қажетті PIN кодын
енгізуі керек.
5. Өзгертілмелі пайдаланушы атын немесе тапсырма атын пайдалану үшін, Custom (Өзгертілмелі)
түймешігін басып, пайдаланушы атын немесе тапсырма атын енгізіңіз.
70 4-тарау Басып шығару KKWW