HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide

Жылдамдығы жоғары USB 2.0 портымен басып шығару (сымды)
Принтер сымды USB арқылы басып шығаруға арналған USB 2.0 портымен жабдықталған. Порт
интерфейстік порттар аймағында орналасқан және әдепкі мәні бойынша ажыратылған болады.
Бірінші әдіс: Жылдамдығы жоғары USB 2.0 портын принтердің басқару тақтасындағы мәзірлерден
қосу
Екінші әдіс: Жылдамдығы жоғары USB 2.0 портын HP ендірілген веб-серверінен қосу (тек желіге
қосылған принтерлер)
Жылдамдығы жоғары USB 2.0 портын қосу үшін төмендегі әдістердің бірін пайдаланыңыз. Портты
қосқаннан кейін, осы порт арқылы басып шығару үшін өнімнің бағдарламалық құралын орнатыңыз.
Бірінші әдіс: Жылдамдығы жоғары USB 2.0 портын принтердің басқару
тақтасындағы мәзірлерден қосу
Портты қосу үшін басқару тақтасын пайдаланыңыз.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Settings (Параметрлер) қолданбасын түртіп,
Settings (Параметрлер) белгішесін таңдаңыз.
2. Төмендегі мәзірлерді ашыңыз
Жалпы
Құрылғы USB портын қосу
3. Enabled (Қосылған) опциясын таңдаңыз.
Екінші әдіс: Жылдамдығы жоғары USB 2.0 портын HP ендірілген веб-серверінен
қосу (тек желіге қосылған принтерлер)
Портты қосу үшін HP EWS пайдаланыңыз.
1. Принтердің IP мекенжайын табыңыз. Принтердің басқару тақтасында Information (Ақпарат)
түймесін, одан кейін IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network (Желі) белгішесін
басыңыз.
2. Веб-браузерді ашыңыз, мекенжай жолына IP мекенжайын принтердің басқару тақтасында
көрсетілгендей енгізіңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін хабарды
береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым
келтірмейді.
3. Security (Қауіпсіздік) қойындысын басыңыз.
4. Экранның сол жағынан General Security (Жалпы қауіпсіздік) тармағын таңдаңыз.
5. Hardware Ports (Аппарат порттары) тармағына төмен қарай өтіп, екі элементті де қосу үшін ұяшыққа
белгі қойыңыз:
76 4-тарау Басып шығару KKWW