HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide
5 Көшіру
Принтермен көшірмелер жасаңыз, екі жақты құжаттың көшірмесін жасау әдісін үйреніңіз және
интернеттен қосымша көшірме тапсырмаларын іздеңіз.
●
Көшірме жасау
●
Екі жағына басып шығару (дуплекс)
●
Қосымша көшіру тапсырмалары
Видео көру үшін www.hp.com/videos/a3 бөлімін қараңыз.
Келесі ақпарат жариялау уақытында дұрыс болады. Ағымдағы ақпаратты http://www.hp.com/support/
ljE72500MFP немесе http://www.hp.com/support/colorljE77800MFP бөлімінен қараңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Принтер бойынша HP компаниясының жан-жақты анықтамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
● Орнату және параметрлерді реттеу
● Үйрену және пайдалану
● Проблемаларды шешу
● Бағдарламалық құрал мен микробағдарлама жаңартуларын жүктеп алу
● Қолдау форумдарына қосылу
● Кепілдік және нормативтік ақпарат табу
Көшірме жасау
Сканер әйнегінен немесе құжатты автоматты бергіштен құжаттың немесе суреттің көшірмесін жасаңыз.
1. Құжатты бетін төмен қаратып сканер әйнегіне қойып немесе құжат бергішке бетін жоғары қаратып
салып, құжаттың өлшеміне сәйкестендіру үшін қағаз бағыттағыштарын сәйкестендіріңіз.
2. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Copy (Көшіру) қолданбасына өтіп, Copy (Көшіру)
белгішесін басыңыз.
3. Options (Опциялар) аймағында көшірмелер санын таңдаңыз.
4. Көшірілетін кескіннің (мәтін, графика немесе фотосуреттер) түрін оңтайландыру үшін Optimize Text/
Picture (Мәтінді/суретті оңтайландыру) түймесін басыңыз: Алдын ала анықталған параметрлердің
бірін таңдаңыз.
KKWW 79