HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - User Guide

5. Алдын ала қарау мүмкіндігін пайдаланбастан бұрын сары үшбұрышпен таңбаланған опцияларды
орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Алдын ала сканерлеуден кейін бұл опциялар негізгі Options (Опциялар) тізімінен
жойылады және Pre-scan Options (Алдын ала сканерлеу опциялары) тізімінде жинақталады. Бұл
опциялардың кез келгенін өзгерту үшін, алдын ала қарауды алып мүмкіндігін өшіріп, қайтадан
бастаңыз.
Алдына ала қарау мүмкіндігін пайдалану - қосымша.
6. Құжатты алдын ала қарау үшін экранның оң жақ аймағын түртіңіз. Алдын ала қарау экранында
алдын ала қарау опцияларын реттеу және беттерді айналдыру
, қайта реттеу, енгізу немесе жою үшін
экранның оң жақ аймағындағы түймелерді пайдаланыңыз.
Бұл түймелерді нобай көрінісі мен екі беттік көрініс арасында ауысу үшін пайдаланыңыз. Екі
беттік көрініспен салыстырғанда нобай көрінісіндегі қолжетімді опциялар көбірек.
Бұл түймелерді таңдалған бетті ұлғайту немесе кішірейту үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түймелерді пайдалану үшін бір уақытта тек бір бетті таңдаңыз.
Бұл түймені бетті 180 градусқа бұру үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түйме тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Бұл түймені таңдалған беттерді жою үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түйме тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Бұл түймелерді құжаттағы беттердің қайта реттеу үшін пайдаланыңыз. Бір немесе бірнеше
бетті таңдап, оларды солға немесе оңға жылжытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл түймелер тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
80 5-тарау Көшіру KKWW