HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - Warranty and Legal Issues Guide

HP компаниясы сізге, түпкі пайдаланушыға, осы HP шектеулі кепілдігі a) «HP Inc.» компаниясы, оның
еншілес компаниясы, аффинирленген ұйымдары, өкілетті қайта сатушылары, өкілетті таратушылары
немесе елішілік таратушылар сататын немесе жалға беретін HP өнімдеріне ғана қатысты екеніне; және ә)
осы HP шектеулі кепілдігінің аясында, сатып алған күннен бастап көрсетілген мерзім ішінде, HP
жабдықтары мен керек-жарақтарының материалы мен сапасында кемшілік болмайтынына кепілдік
береді. Егер HP компаниясы кепілдік мерзімі ішінде сондай ақаулықтар туралы хабар алса, HP ақаулы
болып шыққан өнімдерді өз ұйғарымына сәйкес жөндеп немесе ауыстырып береді. Ауыстырылған өнімдер
жаңа немесе жаңа өнімдер сияқты жұмыс істейтін болуы мүмкін.
HP компаниясы сізге келесі кепілді беріп отыр: сатып алынған күннен бастап және жоғарыда көрсетілген
мерзімі біткенінше HP бағдарламалық жабдығы дұрыс орнатылып, жөнді қолданылса, онда материалдың
және жасау сапасының ақауларына қарамастан ол істен шықпайды
. Егер HP кепілдік мерзімі ішінде сондай
ақаулықтар туралы хабар алса, HP сондай ақаулықтар салдарынан берілген нұсқауларды орындамайтын
бағдарламаны ауыстырып береді.
HP өнімдері үздіксіз және қатесіз жұмыс істейтіндігіне кепілдік бермейді. Егер HP себепті уақыт ішінде
өнімін жөндей алмаса немесе кез келген өнімін кепілдік берілген жағдайда ауыстырып бере алмаса, Сіз
өнімді қысқа уақыт ішінде қайтарғаннан кейін оның құнын қайтарып алуға құқығыңыз болады.
HP өнімдерінде зауытта қайта қалпына келтірілген, бірақ өнімділігі бойынша жаңаларына тең немесе
кездейсоқ пайдаланудан өткен бөлшектер болуы мүмкін.
Кепілдік келесідей себептермен туындаған ақаулықтарды қамтымайды: (a) дұрыс емес немесе жеткіліксіз
техникалық қызмет немесе дәлдеу, (b) НР компаниясы бермеген бағдарламалық құралдарды, интерфейсті,
бөлшектерді немесе қамсыздандыру құралдарын пайдалану, (c) рұқсат берілмеген өзгерту немесе дұрыс
пайдаланбау, (d) өнімді өзі үшін белгіленген талаптарға сай келмейтін ортада пайдалану немесе (e) жұмыс
орнының дұрыс дайындалмауы немесе дұрыс техникалық қызмет көрсетілмеуі.
ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢДА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН КӨЛЕМДЕ ЖОҒАРЫДАҒЫ КЕПІЛДІКТЕР АЙРЫҚША БОЛАДЫ ЖӘНЕ БАСҚА
КЕПІЛДІК НЕ ШАРТ ЖАЗБАША НЕМЕСЕ АУЫЗША БЕРІЛМЕЙДІ НЕ ТҰСПАЛДАНБАЙДЫ ЖӘНЕ НР САТУҒА
ДАЙЫНДЫҒЫН, ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПАДА ЖӘНЕ АРНАЙЫ МАҚСАТ ҮШІН СӘЙКЕСТІК ТҰСПАЛДАНАТЫН
КЕПІЛДІКТЕН НЕ ШАРТТАРДАН АНЫҚ ТҮРДЕ БАС ТАРТАДЫ. Кейбір елдер/аймақтар, штаттар немесе
облыстар тұспалданған кепілдіктің ұзақтығын шектеуге рұқсат бермейді. Сондықтан жоғарыда айтылған
шектеу немесе ерекшелік Сізге қатысты болмауы мүмкін. Осы кепілдікте сізге нақты заңды құқықтары
беріледі және сіздің әр елге/аймаққа, мемлекетке немесе облысқа қарай әр түрлі болатын басқа да
құқықтар болуы мүмкін.
HP шектеулі кепілдігі НР осы өнімді қолдау қызметтерін ұстайтын және НР осы өнімді сатқан кез келген
елге/аймаққа немесе орынға тарайды. Кепілдік қызметінің деңгейі жергілікті стандарттарға қарай әр түрлі
болуы мүмкін. HP заңдық немесе реттеу себептері бойынша жұмыс істетуге арналмаған елдегі/аймақтағы
өнімді істету үшін оның пішінін, арнаулы мақсатын және қызметін өзгертпейді.
ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ДӘРЕЖЕДЕ, БҰЛ КЕПІЛДІК МӘЛІМДЕМЕСІНДЕ АТАЛҒАН ӨТЕМАҚЫЛАР
ТЕК СІЗГЕ ҒАНА ТӨЛЕНЕТІН ӨТЕМАҚЫЛАР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДАН
БӨЛЕК ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА HP КОМПАНИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ КЕЛІСІМ ШАРТТЫ,
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БҰЗЫЛУЫН НЕМЕСЕ БАСҚАЛАРДЫ НЕГІЗГЕ АЛА ОТЫРЫП, ЖОҒАЛҒАН МӘЛІМЕТТЕР
ҮШІН НЕМЕСЕ ТІКЕЛЕЙ, ӘДЕЙІ, БАЙҚАУСЫЗДА, ЖАНАМА ЗАҚЫМ (СОНЫҢ ІШІНДЕ ЖОҒАЛҒАН ПАЙДА НЕМЕСЕ
МӘЛІМЕТ) НЕМЕСЕ БАСҚА ЗАҚЫМ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АРТПАЙДЫ. Кейбір елдер/аймақтар, штаттар
немесе облыстар кездейсоқ немесе жүйелі зақымдарды шектеуге рұқсат бермейді. Сондықтан жоғарыда
айтылған шектеу немесе ерекшелік Сізге қатысты болмауы мүмкін.
БҰЛ МӘЛІМДЕМЕДЕ БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ, ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДӘРЕЖЕНІ ҚОСПАҒАНДА, БҰЛ
ӨНІМДІ СІЗГЕ САТУҒА ҚАТЫСТЫ МІНДЕТТІ, ЗАҢДА БЕЛГІЛЕНГЕН ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ЖОЙМАЙДЫ,
ШЕКТЕМЕЙДІ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТПЕЙДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОЛЫҚТЫРЫП ТҰРАДЫ.
KKWW HP принтері үшін шектеулі кепілдік мәлімдемесі 3