HP Color LaserJet Managed MFP E77800 Series, HP LaserJet Managed MFP E72500 Series - Warranty and Legal Issues Guide

БҰЛ МӘЛІМДЕМЕДЕ БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ, ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДӘРЕЖЕНІ ҚОСПАҒАНДА, БҰЛ
ӨНІМДІ СІЗГЕ САТУҒА ҚАТЫСТЫ МІНДЕТТІ, ЗАҢДА БЕЛГІЛЕНГЕН ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ЖОЙМАЙДЫ,
ШЕКТЕМЕЙДІ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТПЕЙДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОЛЫҚТЫРЫП ТҰРАДЫ.
Ұзақ мерзім қызмет ететін тұтынылатын материал мен
техникалық қызмет көрсету жинағының шектеулі кепілдігі
Мына жағдайлар орын алғанға дейін HP өнімінің материалында және сапасында кемшіліктер болмайды: a)
принтер басқару панелінде қызмет мерзімінің таяғанын көрсететін индикатор жанғанға дейін немесе ә)
принтерді сатып алған күннен бастап кепілдік мерзімінің ішінде. Ауыстыру және профилактикалық қызмет
көрсету жинақтарына немесе ұзақ мерзім қызмет ететін тұтынылатын өнімдерге тек 90 күндік шектеулі
кепілдік беріледі.
Бұл кепілдік төмендегі өнімдерге берілмейді (a) жаңартылған, қайта жасалған немесе қандай да бір
жолмен қолдан жасалған, (ә) дұрыс пайдаланбау, дұрыс сақтамау немесе принтер өнімінің жарияланған
қоршаған орта ерекшеліктерінен тыс қолдану нәтижесінде шыққан мәселелерге тап болған (б) қарапайым
пайдаланудан тозған.
Кепілдік қызметіне қол жеткізу үшін өнімді сатып алған орынға (ақаулығын жазбаша сипаттап)
қайтарыңыз немесе HP компаниясының тұтынушыларды қолдау орталығымен хабарласыңыз. HP
компаниясының таңдауы бойынша ақаулы деп табылған өнімдерді ауыстырады немесе сатып алуға
кеткен қаражатты қайтарады.
ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢДА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЖАҒДАЙЛАРДА ЖОҒАРЫДАҒЫ КЕПІЛДІКТЕР ЕРЕКШЕ БОЛЫП САНАЛАДЫ
ЖӘНЕ БАСҚА ЕШҚАНДАЙ ЖАЗБАША НЕМЕСЕ АУЫЗША КЕПІЛДІК НЕМЕСЕ ШАРТ ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА
ТҮРДЕ БЕРІЛМЕЙДІ. HP КОМПАНИЯСЫ ТАУАРЛЫҚ КҮЙГЕ, ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПАҒА ЖӘНЕ БЕЛГІЛІ БІР
МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАНАМА КЕПІЛДІКТЕРДЕН НАҚТЫ ТҮРДЕ БАС
ТАРТАДЫ.
ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢ БОЙЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ДӘРЕЖЕДЕ, HP КОМПАНИЯСЫ НЕМЕСЕ ОНЫҢ
ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ДА КЕЛІСІМ-ШАРТҚА, АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА НЕМЕСЕ
БАСҚАҒА НЕГІЗДЕЛГЕНІНЕ ҚАРАМАСТАН ТІКЕЛЕЙ, НАҚТЫ, ЖАНАМА, ТІКЕЛЕЙ ЕМЕС (СОНЫҢ ІШІНДЕ
ЖОҒАЛҒАН ПАЙДА МЕН ДЕРЕКТЕР) НЕМЕСЕ БАСҚА ДА ЗИЯНДАР ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
ОСЫ МӘЛІМДЕМЕДЕГІ КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ ЗАҢ БОЙЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕННЕН БАСҚА ЖАҒДАЙЛАРДА ОСЫ
ӨНІМНІҢ СІЗГЕ САТЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ МІНДЕТТІ ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРМАЙДЫ, ШЕКТЕМЕЙДІ
НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТПЕЙДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОЛЫҚТЫРАДЫ.
HP компаниясының HP шығармаған жабдықтарға қатысты
саясаты
HP жаңа немесе қалпына келтірілген HP шығармаған тонер картридждерін пайдалануды ұсынбайды.
ЕСКЕРТПЕ: HP принтерінің өнімдерінде, HP шығармаған тонер картриджін немесе қайта толтырылған
тонер картриджін пайдалану тұтынушыға берілген кепілдікке де, тұтынушымен жасалған кез келген
HP қолдау келісіміне әсер етпейді. Алайда, өнім HP шығармаған немесе қайта толтырылған тонер
картриджіне байланысты бұзылған немесе зақымданған болса, HP компаниясы сол бұзылуды немесе
зақымды жөндеу үшін стандартты уақыт пен материалдардың ақысын алады.
KKWW Ұзақ мерзім қызмет ететін тұтынылатын материал мен техникалық қызмет көрсету жинағының
шектеулі кепілдігі
13